Маусымдық аллергия: мамандар кеңесі
22.05.2022 | 14.04
0
58
Жайдары жаз жақындаған сайын аллергологтардың жұмысы қыза түседі. Неге десеңіз, маусымдық аллергияның уақыты. Теректен түскен ақ мамық өрт сөндірушілерді де біраз әбігерге салады. Өйткені теректегі ақ мамықтарды өртеуге құмар жасөсіпірмдер де аз емес. Ендеше біз оқырмандарымыз үшін маусымдық аллергияны жеңілдету жолдарын іздестіріп көрдік.
Жаз. Шаң-тозаң, әсем гүлдер және мұрны мен көзі қызарып жүрген жандар. Аллергия сарсаңға салатындар үшін жаз мезгілін осы бір сөздермен суреттеп шығуға болады. Солай емес пе? Мамандар аллергияның кезкелген жаста пайда болуы мүмкін екенін алға тартады. Егер далаға шыққан бойда мұрныңыз жыбырлап, түшкіріп, көзіңіз жасаурай бастаса бірден дәрігер көмегіне жүгінгеніңіз абзал. Аллерген көбейгенде, симптомдары да сәйкесінше, күшейеді. Салғырт қарауға мүлдем болмайды. Себебі аллергияның салдары ауыр дерттерге апаруы мүмкін. Ресми дерекке сүйенсек, аллергиялық риниттің кесірінен 40% адам бронх демікпесіне шалдығып жатады. Осы үшін де уақтылы кеңес алып, иммунотерапия қабылдау қажет.
Мысал ретінде айтар болсақ, мамыр, маусым айларында аллергия терек, қарағай, қарабидай, емен ағаштарынан болады. Мамыр-шілде кезінде жөке ағашы, қалақай, жүгері, жусан, бақажапырақ, айраншөп сынды өсімдіктер аллергиясы бар адамдарды тығырыққа тірейді. Мамыр мен аусым уақытында теректен түскен ақ мамықтан аллергиям бар дейтіндер ді жиі кездестіреміз. Бірақ дәрігерлер мамықтан аллергия болу мүмкін емес дейді. Теректен түскен ақ мамық шаң-тозаң таратады, яғни бәріне түптеп келгенде шаң-тозаң себеп. Аллергологтар ыстық және желді күндері далаға шықпауға, үйге күн сайын тазалық жүргізуге, далаға және үйге екі бөлек киім киюге, сұйықтық көп ішуге кеңес береді. Егер де далаға шығу қажет болған жағдайда, үйге кіргенде міндетті түрде мұрынды тұзды сумен шаю қажет. Үйіңізге ауа ылғандыратын құрылғы сатып алсаңыз, жағдайыңыз әлдеқайда жақсарып қалуы ықтимал. Ит-мысықтан да аулақ болғаныңыз жөн.
Ал аллергия жайлы психология не дейді? Мәселен Луиза Хэй әр аурудың пайда болуына адамның психологиялық жай-күйі мен эмоционалдық жағдайы түрткі болатынын айтады. Мәселен аллергия адамның өмірдегі, қоғамдағы болып жатқан оқиғалармен келіспеуі, көңілінің толмауы. Егер аллергияңыз болса, емделуге асығыңыз. Не болмаса психологтардың кеңесіне жүгініп, ішкі қайшылықтарыңызбен күресіңіз.
Комментарии (0)