Май дақылдарын өңдейтін кешен өңірге серпін береді – ШҚО

Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Басты жаңалықтар

Май дақылдарын өңдейтін кешен өңірге серпін береді – ШҚО

0

59

Глубокое ауданында салынып жатқан май экстракциялайтын кешен өңірде майлы дақылдар егілетін егіс алқаптарының көлемін ұлғайтып, шығысқазақстандық диқандарға өсірген өнімін алысқа сабылмай сатуға мүмкіндік туғызады.

Соңғы жылдары еліміздегі көптеген кәсіпорындар шикізаттан гөрі оны өңдеп, дайын өнімге айналдырудың тиімді екенін байқап жүр. Бағасы әлдеқайда жақсы әрі тұтынушылық қабілеті жоғары өнімді экспорттау шаш етектен пайдаға кенелтетіні де рас. Дей тұрғанмен, бүгінде бірқатар шаруашылықтар өсірген дақылын сақтап, оны қайта өңдеуге байланысты күрмеуі көп мәселелерге тірелетіні тағы бар. Бірнеше жыл осы салада жұмыс істеп, тәжірибе жинақтаған фермерлер мен ірі компаниялар әр шаруашылықтың бір бағытта ғана мамандануы қажет екенін түсініп жатыр. Яғни, біреулер дақылды өсірсе, екінші біреулері оны қайта өңдеп, үшіншілері сатуымен айналысуы қажет. Міне, сонда ғана айналым схемасы толыққанды қалыптасып, жұмыс циклі тоқтаусыз жүретін болады.

WhatsApp Image 2022-07-05 at 11.10.21 (2).jpeg

 

Дәстүрлі бағыттар өзгерді

Қазіргі уақытта әр өңірдің өзінде қайта өңдеу кластерін құру қажеттілігі қатты сезілуде. Ол үшін аймақтың өндірістік қуаттылығын арттыру керек. Өйткені, шаруа өсірген дақылын өткізу үшін алысқа сабылмауы қажет. Бұл өңірдің экспорттық әлеуетін арттырып қана қоймай, сонымен қатар аграрлық сектор қатысушыларының уақыты мен қаржысын үнемдеуге де септігін тигізеді. Осы себепті облыс басшылығы өңірде өндірістік қуаттылық алдын ала қалыптасуы қажет деп санайды.


– Бүгінгі күні облыста аграрлық саланы технологиялық жағынан қамтамасыз ету жақсы қолға алынған, – дейді облыс әкімі Даниал Ахметов. – Біздегі қайта өңдеу кәсіпорындары аграрлық сектордың дайындайтын шикізат көлемінен артық мөлшерде қайта өңдеумен айналысуы қажет. Міне, сол кезде ғана біз шаруалардың экспорттық әлеуетін толыққанды пайдалана алтын боламыз.


Соңғы жылдары облыстағы шаруалардың май дақылдарын отырғызу көлемін арттырғаны белгілі. Осы ретте материалдық-техникалық базаны нығайтуға, май дақылдарын тереңдете өңдеуге және өсімдік майын өндіру көлемін арттыруға деген қажеттілік те туындады.

Бұл өз кезегінде осы уақытқа дейін ұсталып келген дәстүрлі бағыттардың біршама өзгеріп, бұдан былай пайдалы әрі экспорттық әлеуеті жоғары дақылдардың егіле басталуына көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік жасайды. Оның үстіне, облысымыз май дақылдарын, әзіресе күнбағыс дақылын көптеп өсіруден елімізде көшбасшы өңір саналады. Бүгінде бұл бағытта бірқатар ғылыми-практикалық жетістіктері бар шаруашылықтар аймақта аз емес. Сонымен қатар, облыста бұған дейін ел аумағында өсіріліп көрмеген дақыл түрлерінің жаңа сорттары сұрыпталып алынуда. Атап айтсақ, қазіргі таңда Глубокое ауданының бірнеше шаруашылығы соя, рапс, зығыр сынды май дақылдарын отырғызып жатыр.

 

Жұмыс тоқтаусыз жүргізіледі

Соңғы жылдары осыншама ауқымды көлемде өсірілетін май дақылдарын өзімізде қайта өңдеу қажеттілігі туындады. Осы ретте тоғыз жолдың торабында әрі дақылдардың осындай түрлері ең көп өсірілетін Глубокое ауданда орналасқан Предгорное кентінде май дақылдарын қайта өңдейтін зауыт салу жайлы шешім қабылданды. Мультидақылдарды өңдейтін зауыттың бір ерекшелігі - мұнда бірнеше дақыл түрін қайта өңдеуден өткізе алу мүмкіндігінің болуы.

WhatsApp Image 2022-07-05 at 11.10.20 (1).jpeg

Қазіргі уақытта құрылысы қарқынды жүргізіліп жатқан май зауытының басшысы Павел Писаренконың айтуынша, бұл өз кезегінде кәсіпорын жұмысын реттеп, өз жұмыстарын жыл көлемінде жоспарлап отыруға мүмкіндік беретін көрінеді. Яғни, дақылдың бір түрі пісіп жетілгенге дейін дайын болған басқа дақыл өңделе береді. Осылайша, жұмыс үрдісі тоқтаусыз жүргізіледі.

Аталған зауыт құрылысының жобасы екі кезеңде жүзеге асырылады. Атап айтсақ, 2020-2022 жылдары аралығында зауыттың негізгі құрылысы жүргізіліп, айналасы абаттандырылады. Екінші кезекте, яғни 2022-2024 жылдары аралығында өсімдік майын рафинаттап, қаптайтын және бөтелкелерге құятын цех құрылыстары жүргізіледі. Жалпы, қазіргі уақытта жетпістен астам мердігер кәсіпорын құрылысын жүргізіп жатқан мультидақылды май экстракциялайтын кешен алдағы уақытта 300-ден астам жаңа жұмыс орнын қамтамасыз етіп, аудан тұрғындарына еңбек етуге мүмкіндік бермек.


– Қазіргі уақытта кәсіпорнымызда май дақылдарын сақтайтын, кептіретін және дайындайтын элеватор бар. Сонымен қатар, жылына 20 мың тонна қабығынан тазартылған күнбағыс дәнін дайындайтын цех жұмыс істеп тұр, – дейді Павел Писаренко.


Оның айтуынша, бүгінде зауытта қолданылатын технологиялар елімізде көп кездесе бермейтін бірегей құрылғылар көрінеді. Олардың барлығы дерлік Кәрі құрлық елдерінен жеткізілген. Ал, цехта дайындалатын қабығынан тазартылған күнбағыс дәндері қазірде көрші Қытай елінен бөлек, Еуропаның бірнеше мемлекетіне экспортталып отыр. Қазіргі уақытта бүкіл әлемнің органикалық азық-түлік түрлерін қолдануға көбірек көңіл бөле бастауына орай аталмыш өнімнің сұранысы өте жоғары. Оның үстіне бұған Қазақстанның егіс алқаптарын химиялық өңдеуде басқа елдер сияқты гербицидтерді көп қолданбауы да әсер етуде. Яғни, химиялық тыңайтқыштары аз дақылдың қай уақытта болмасын адам ағзасына тигізер зияны жоқ.


– Егіс алқаптарымыз көп емес. Шамамен 3,5 мың гектар. Біз оны тәжірибелік жұмыстар жүргізу үшін ғана ұстап отырмыз, – дейді Павел Писаренко. – Кешенді кезең-кезеңімен іске қосып жатырмыз. Бірақ май экстракциялайтын зауытты толықтай іске қоспасаң, оны бөлшектеп қосуға келмейді. Ал зауытымыз толықтай іске қосылғанда ірі көлемде май дақылдарын өңдейтін өндірістік қуатымыз болады.

 

Шикізат жеткізуде проблема болмайды

Зауытты шикізатпен қамту бағытында да проблема болмайтынын алға тартқан кәсіпорын басшысы май дақылдарын жеткізу алдағы уақытта тек қана облыс аумағынан ғана емес, сондай-ақ еліміздің басқа өңірлерінен жеткізу жолға қойылатынын атап өтті. Зауыттың тағы бір ерекшелігі, бүгінде еліміз үшін әлі де болса өсірілу және өңделу көлемі тым көп емес зығыр дақылын өңдей алу мүмкіндігінің жоғары болуы. Яғни, жыл сайын ел аумағында өсірілген шамамен 750 мың тоннадай зығырдың басым бөлігі экспортқа жөнелтілуде. Ал мардымсыз бөлігі әр өңірде орналасқан кіші-гірім май экстракциялайтын зауыттарда өңделеді. Ал Предгорное кентінде орналасқан зауыт болса, аталмыш дақыл түрінің біздің облыстағы ғана емес, сонымен қатар қазірде көптеп өсірілетін солтүстік өңірлерден де әкеп өңдей алуға қуаты жететін көрінеді.


– Зығыр дақылын қазірде еліміздің солтүстік облыстарындағы шаруашылықтар көп мөлшерде өсіріп отыр. Бірақ, оны қайта өңдеу үшін біздің облысқа тасымалдау логистикасы тым қымбат емес. Сол себепті, бізге тасымалдап, өңдеудің пайдасы бар, – деп қосты Павел Писаренко.


Сонымен қатар, өңдейтін зауыттар санының көбеюі шаруалардың май дақылдарын өсіруге деген құлшынысын да арттыратыны белгілі. Өйткені, олардың өсірген дақылын жоғары бағда өткізуге деген таңдау мүмкіндігі артады.

Жылына 400 мың тонна май дақылдарын өңдеуге қуаты жетерлік жоба алдағы уақытта шамамен 200 мың тоннаға жуық май өндіреді деп болжанған. Бұл көлем, бүкіл еліміз бойынша өсімдік майына деген тұтынушылық деңгейінің 70 пайызын жабуы да ықтимал екенін алға тартқан кәсіпорын басшылығы, жобаны ел ішінде бәсекелестік туғызу үшін емес, негізінен өнімді шетелге экспорттауға бағыттайтындарын баса айтты. Бұдан бөлек, алдағы үш жыл көлемінде кәсіпорын тамақ өнеркәсібінде, өндірісте және медицинада кеңінен қолданылатын құрғақ лецитин өндірісін де қатар қолға алмақ.

WhatsApp Image 2022-07-05 at 11.10.21 (1).jpeg


– Лецитиннің сұйық және құрғақ екі түрі болады. Сұйық лецитинді дайындау жеңіл әрі технологиялық шығыны аз болады. Ал құрғағын дайындау қиын. Дегенмен, оның пайдасы әлдеқайда жоғары, – дейді Павел Писаренко.


Осылайша, өңделген майлы дақылдар экспортын еселеп арттыруға арналған кешен жобасының құрылысы алдағы екі жыл ішінде аяқталып, толық қуатта жұмыс жұмыс істей бастамақ. Жалпы құны 30 миллиард теңгені құрайтын жоба, майлы дақылдарды қайта өңдеуге жаңа серпін беріп, жергілікті шаруалардың өз өнімдерін алысқа сабылмай өткізуіне септігін тигізбек.

Комментарии (0)

Текст сообщения*
Загрузить файл или картинкуПеретащить с помощью Drag'n'drop
Перетащите файлы
Ничего не найдено
Защита от автоматических сообщений
 
Жалпы Өзекті Комментируемое

Бүгін, 16:30

Іздеуде жүрген азамат РФ аумағынан табылды - ШҚО

Бүгін, 16:07

ШҚО-да 10 мың бала бірінші сыныпқа барады

Бүгін, 15:21

Өскемен қаласының әкімі спортшыларды құттықтады

Бүгін, 14:41

ШҚО-да жалған нөмір таққан, 2 млн теңгеден аса айыппұлы бар жүргізуші ұсталды

Бүгін, 14:32

Мектептер бес күндік оқу аптасына көшеді – ШҚО

Бүгін, 13:30

Мереке күндері ШҚО ХҚО-лары қалай жұмыс істейді?

Бүгін, 12:05

ШҚО-да бірінші сыныпқа он мыңға жуық бала барады

Бүгін, 11:31

Жас қызды зорлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды – Абай облысы

Бүгін, 10:10

Халық көп жиналатын орындарда маска киіп жүру керек - ШҚО СЭБД басшысы

Бүгін, 09:44

Бүгін түнде үсік жүруі мүмкін – ШҚО

Бүгін, 09:25

ШҚО әкімі қос ауданға жұмыс сапарымен барды

Бүгін, 09:11

ШҚО-да 28 адам коронавирус жұқтырды

17.08.22, 16:33

Өскемендіктерді Қала күнімен құттықтауға әнші Мирас Жүгінісов келеді

17.08.22, 15:29

Қазақстанда ұн бағасы бір жылда 37%-ға қымбаттаған

17.08.22, 15:02

Күн суытып, жаңбыр жауады - ШҚО

17.08.22, 14:52

Өскемен мектептері жөнделіп жатыр

17.08.22, 14:30

ШҚО-да әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары және қант қоры жеткілікті

17.08.22, 14:20

Өскемен-Алматы тас жолында автокөлік жылқымен соқтығысып қалды

17.08.22, 13:08

Белгісіз біреулер дрон арқылы колонияға тыйым салынған заттарды лақтырмақ болды - ШҚО

17.08.22, 12:25

Автокөліктің мемлекеттік нөмірін кімдер тегін ала алады

Еще

06.06.18, 11:55

ШҚО-да менингитке шалдыққан балалар жазылып шықты

29.09.20, 10:45

COVID-19: Өткен аптада ШҚО-да қайтыс болған науқастарға қатысты мәлімет шықты

30.04.20, 09:09

ШҚО коронавирустың екінші толқынына дайындалуда

10.12.11, 18:00

Қалбатауда өнер мектебінің жаңа ғимараты ашылды

12.02.19, 05:03

Өскеменде автобус бірнеше жеңіл көлікпен соқтығысты

30.04.20, 06:31

ШҚО-да суға кеткен жігіттің денесі табылды

30.04.20, 15:00

Өскеменде 10 қабатты үйден құлаған керамогранит оқушының үстіне түскен

30.04.20, 09:32

4 мамырдан бастап кімдер жұмысқа шыға алады?

03.11.20, 15:45

ШҚО-дағы еріктілер өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмектесті

20.12.11, 18:00

Отаныңа опасыздық жасауға болмайды

29.09.20, 07:45

Өскеменде тағы бір трамвай жаңартылды

03.07.20, 10:59

Асық технологиясын қолданатын Зайсандағы балабақша (Фоторепортаж)

03.11.20, 10:15

ШҚО-да билеті бар 50 шақты адам ұшаққа отырғызылмады

30.04.20, 07:41

Коронавирус: тағы 68 науқас тіркелді

02.12.20, 11:16

Аягөз ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды (фоторепортаж)

03.12.20, 18:23

Кезекте тұрған 20 отбасы баспаналы болды - Катонқарағай (ФОТО)

16.06.20, 14:15

Арақ пен темекіден бас тартқан 60 үйлі ауыл бар – ШҚО (Фоторепортаж)

03.12.20, 18:26

Қосағаш пен Бидайықта "Электронды қызмет көрсету орталығы" ашылды - Аягөз (Фоторепортаж)

03.12.20, 17:38

Даниал Ахметов 30 отбасына пәтер кілтін табыстады (Фоторепортаж)

03.04.19, 05:59

Кеңсе менеджерінен қарағанда мүсіншінің жұмысы әлдеқайда қызықты - Мейрам Баймуханов

Бүгін, 16:30

Іздеуде жүрген азамат РФ аумағынан табылды - ШҚО

Бүгін, 16:07

ШҚО-да 10 мың бала бірінші сыныпқа барады

Бүгін, 15:21

Өскемен қаласының әкімі спортшыларды құттықтады

Бүгін, 14:41

ШҚО-да жалған нөмір таққан, 2 млн теңгеден аса айыппұлы бар жүргізуші ұсталды

Бүгін, 14:32

Мектептер бес күндік оқу аптасына көшеді – ШҚО

Бүгін, 13:30

Мереке күндері ШҚО ХҚО-лары қалай жұмыс істейді?

Бүгін, 12:05

ШҚО-да бірінші сыныпқа он мыңға жуық бала барады

Бүгін, 11:31

Жас қызды зорлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды – Абай облысы

Бүгін, 10:10

Халық көп жиналатын орындарда маска киіп жүру керек - ШҚО СЭБД басшысы

Бүгін, 09:44

Бүгін түнде үсік жүруі мүмкін – ШҚО

Бүгін, 09:25

ШҚО әкімі қос ауданға жұмыс сапарымен барды

Бүгін, 09:11

ШҚО-да 28 адам коронавирус жұқтырды

17.08.22, 16:33

Өскемендіктерді Қала күнімен құттықтауға әнші Мирас Жүгінісов келеді

17.08.22, 15:29

Қазақстанда ұн бағасы бір жылда 37%-ға қымбаттаған

17.08.22, 15:02

Күн суытып, жаңбыр жауады - ШҚО

17.08.22, 14:52

Өскемен мектептері жөнделіп жатыр

17.08.22, 14:30

ШҚО-да әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары және қант қоры жеткілікті

17.08.22, 14:20

Өскемен-Алматы тас жолында автокөлік жылқымен соқтығысып қалды

17.08.22, 13:08

Белгісіз біреулер дрон арқылы колонияға тыйым салынған заттарды лақтырмақ болды - ШҚО

17.08.22, 12:25

Автокөліктің мемлекеттік нөмірін кімдер тегін ала алады

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: