«Медбикелер жоқ». Өскеменде блок-бекеттер не үшін тұр?
25.11.2020 | 17.42
0
312
Өскеменнің шет-шетіндегі болк-бекеттерде медициналық қызметкерлер жоқ. Қалаға кіріп-шыққандарды полиция қызметкерлері ғана тексеріп өткізіп тұр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Медициналық қызметкерлер мамандар жетіспегендіктен негізігі жұмыс орындарына қайтқан болатын. Енді блок-бекеттерде жолаушылардың қызуын өлшейтін ешкім жоқ деуге болады. Тәртіп сақшылары олардың тек құжаттарын тексеріп кіргізуде. Құжат тексеру коронавирустың таралуына қаншалықты тосқауыл болатынын ешкім білмейді. Шындап келгенде, сақшылар тәулік бойы, аязды түндерде, денсаулығын қатерге тіге қарауыл болып тұр. Жалпы блок-бекет қою арқылы қанша адамнан ауру анықталды? Ол жағы да бізге беймәлім.
Ал облыстың өзге қалаларындағы блок-бекеттерде полицейлер де, медициналық қызметкерлер де жұмыс істеп тұр.
Комментарии (0)