"Мерейлі отбасы" ұлттық байқауы өтеді
19.05.2022 | 16.04
0
68
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы өтеді. Байқауға қатысуға үшін 2022 жылдың 15 маусымына дейін қағаз немесе электрондық нұсқада өтінім беру қажет, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Жалпы «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы отбасы құндылықтарын дәріптеуге, жанұяның мәртебесін арттыруға бағытталған.
Конкурсты өткізудің мақсаты:
1) отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану;
2) ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;
3) отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеу, және кеңінен насихаттау;
4) қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.
Байқау туралы толық ақпарат алу үшін 8707 828 67 76 нөміріне хабарласуға болады.
Жеңімпаздарды арнайы комиссия анықтайды.
І. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы №181 қаулысымен бекітілген, «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларына сәйкес әзірленді және «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының жеңімпазын анықтау жөніндегі комиссия (бұдан әрі -Комиссия) құрамының мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындайды.
2. Комиссия өз жұмысын ашықтық, жариялылық, алқалылық және әділдік қағидаттарында ұйымдастырады.
2. Комиссияның міндеттері мен функциялары
3. Комиссияның негізгі міндеті «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына іріктеу өткізу және жеңімпазын анықтау болып табылады.
4. Комиссияның негізгі функциясы «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының жеңімпазын анықтау бойынша шешім шығару болып табылады.
3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
5. Комиссия құрамына мүдделі мемлекеттік органдар, заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген заңды тұлғалар, қоғам қайраткерлері мен өткен жылдардағы конкурс лауреаттары қатарынан өкілдер енгізіледі.
Комиссия төрағадан, хатшыдан және Комиссия мүшелерінен тұрады.
6. Облыс әкімінің әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі орынбасары төраға болып табылады.
Төраға комиссияның жұмысын ұйымдастырады және Комиссияға осы Ережеде жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
7. Уәкілетті орган – Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Комиссия хатшысының міндеттері осы басқарманың бөлім басшысына жүктеледі.
8. Комиссияның конкурс өткізуге қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасауға құқығы бар.
9. Комиссия аудандық (қалалық) комиссиялардан құжаттарды алған сәттен бастап он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде іріктеу жүргізеді және бір жеңімпаз отбасын анықтайды, қажет болған жағдайда ұсынылған құжаттарды қосымша тексеруді жүзеге асырады және конкурс жеңімпазы анықталғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарымен бірге, облыс әкімімен келісілген өз шешімін ұйымдастыру комитетіне жібереді.
10. Үздік отбасыларды анықтау туралы шешім қабылдау кезінде Комиссия мынадай өлшемшарттарды басшылыққа алады:
1) отбасы мүшелері жетістіктерінің саны мен маңыздылығы (отбасы тарихы – визит карточкасы – таныстыру рәсімі);
2) отбасылық дәстүрлер мен жәдігерлер;
3) отбасының рухани-адамгершілік құндылықтары;
4) балалары мен немерелерінің жетістіктері (бар болса);
5) ата-аналардың еліктеу үлгісі ретіндегі жетістіктері;
6) отбасы құрамы (отбасы мүшелерінің – бір аумақта бірге тұратын бірнеше ұрпақ өкілдерінің саны);
7) отбасының таланттары;
8) отбасының өмір салты (салауатты өмір салты, бос уақыт);
9) қоғамдық-пайдалы қызметке (волонтерлікке, қайырымдылыққа, меценаттыққа) қатысуы;
10) жетім балаларға қамқоршылық, тәлімгерлік жасауы.
11. Комиссияның әрбір мүшесі үміткерлерді баллдық жүйе бойынша бағалайды (1-ден 10-ға дейін).
Критерийлердің бірі бойынша ақпарат болмаған жағдайда, бұл критерий бағаланбайды.
Баллдардың жалпы саны тең болған жағдайда түпкілікті шешім ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
12. Мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда, Комиссия мүшесі бұл туралы комиссияға хабарлайды және дауыс беруге жіберілмейді.
13. Комиссия отырыстары интернет-ресурста және жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында онлайн-трансляция режимінде өткізіледі.
14. Облыстық кезеңнің жеңімпаз отбасыларына «Мерейлі отбасы» лауреаты атағы, диплом және ерекшелік белгісі (мүсінше) беріледі.
15. Конкурс лауреаттарын марапаттау рәсімі жыл сайын Отбасы күні қарсаңында салтанатты түрде өткізіледі.
16. Конкурсқа қатысушылар туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ конкурсты ұйымдастырушылардың интернет-ресурстарында орналастырылады.
17. Конкурс лауреаты атағы қайталап берілмейді.
Комментарии (0)