Мешіттерде міндетті түрде кітапхана болуы тиіс – сұхбат

Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Сұхбат

Мешіттерде міндетті түрде кітапхана болуы тиіс – сұхбат

0

75

Қазақ елі тоқсаныншы жылдардың басында Тәуелсіздікпен қатар тіл мен діннің тұғырын бекемдеуге ұмтылды десек, ағат айтпаған болармыз. Өйткені кез-келген ұлтты тұнық тіл мен таза дін ұйыстыратыны анық. Ал бұл екеуі шұбарланса, береке-бірліктің шатқаяқтайтыны да сөзсіз. Ордалы елдің отыз жылдағы жеткеніне зер салсақ, әу бастағы қадамдардың сәтті жасалғанын аңдайтындаймыз. Бұл жөнінде біз облыс орталығындағы Халифа Алтай мешітінің іс басқарушысы Берік Кәдірұлымен әңгімелескен едік.

– Берік мырза, қазақ арасындағы ислам дінінің тәуелсіздікке дейінгі және тәуелсіздік жылдарындағы жай-күйі туралы ой өрбітіп көрсеңіз.

– Алаштың аса көрнекті ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің үйінде қонақ күтетін екі бөлме болған деседі. Бір бөлмеде ол кісінің тақия-шапаны, екіншісінде кәстөм-шалбары ілініп тұратын көрінеді. Яғни еліміз азаттық алғанға дейін дін әрбір адамның «ішкі бөлмесінде» – жандүниесінде болды. Бұл шапанның оң бетін ішке қаратып киюмен бірдей ғой. Ислам діні дуалы ауыз ақсақалдардың сөзі, ақ жаулықты аналардың үлгі-өнегесі, берген тәрбиесі арқылы ғана насихатталды деуге болады. Тек тәуелсіздік алған тұста сол «шапанның» оң бетін аударып киіп, көркем нақышын ел көзіне көрсеттік... Жер-жерде мешіт салына бастады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы олардың құжаттарын рәсімдеуге күш салды. Кейінірек Қазақстан мен Египет Араб респуликасы арасындағы ортақ келісіммен 1993 жылы Алматыда іргетасы қаланған Нұр-Мүбарак университеті кадрларды дайындауға көшті. Осындай ірі бастамалардың арқасында өңірлерде діннің діңгегі орнықты.

– Өскемен аймағы өкілдігіне қарасты қанша мешіт бар? Мешіт қызметкерлерінің барлығы да оқыған-тоқыған азаматтар деуге бола ма?

– Біздің өкілдікте 101 мешіт бар. 2015 жылы имамдардың 37 пайызы ғана жоғары білімді болған. Ал биыл бұл көрсеткіш 78 пайызға жетті. Имамдардың ішінде екі бірдей PhD-докторы бар. Екеуі де Халифа Алтай мешітінде қызмет атқарады. Олармен бірге бес ғылым кандидаты еңбек етіп жатыр. Аудандарда тағы екі ғылым кандидаты бар. Көпшілігі исламтану, дінтану және теология бойынша біліктілігін шыңдаған.

– Ал облыс басшылығы бұл мәселеге келгенде қолдау көрсетті ме?

– Облыс әкімі Даниал Ахметовтың бастамасымен Абай атындағы гуманитарлық-педагогикалық колледжде исламтану мамандығы ашылды. Былтыр Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде дінтану және философия мамандығы ашылған еді. Биыл бұл мамандық теологияға қосылды, яғни оқу-бағдарламасы өзгертілді. Енді шәкірттер оқуды аяқтағаннан кейін теолог маман болып шығады. Жалпы айтқанда, өңірдегі жоғары оқу орындары мен колледждерде қажетті мамандарды дайындауға үлкен мүмкіндік бар.

– Осыдан төрт-бес жыл бұрын «ауыл мешіттерінде имам жоқ» дегенді жиі еститін едік. Бұл мәселе қалай шешілді?

– 2016 жылы тағы да аймақ басшысының қолдауымен дін істері басқармасы мен дін мәселелерін зерттеу орталығы бірлесіп 162 ауыл тұрғынын оқытты. Олар облыс орталығындағы жоғары оқу орындарында тарих, заң сынды салалар бойынша арнайы курстардан өтті. Оған қоса Нұр-Мүбарак университетінен теологтар келіп сабақ берді. Оқуды аяқтаған азаматтар Бас мүфтидың бұйрығымен ҚМДБ-ның филиалы саналатын ауыл мешіттеріне имам болып тағайындалды.

– Мешіттер ғибадат орны ғана ма? Немесе қазіргі қоғамда нақты бір рөлге ие ме?

– Мешіттерде міндетті түрде кітапхана болуға тиіс. Өйткені бұл ең бірінші ұрпақ тәрбиелейтін орын. Дінге ден қойғанның бәрі имам болумен шектелмеуі керек. Біздің елімізге жемқорлықтан бойын аулақ салатын иманды прокурор, иманды сот, иманды құрылысшы, иманды басшылар қажет емес пе. Сондай буынды қалыптастыра алғанда ғана мешіттер қоғамдағы рөлін толық атқарды деген сөз. Қайталап айтайын, мешіт адам оқытатын, адам қалыптастыратын орын.

– Дінге бетбұрғандардың ішінде бір адасса, жастар адасып жатады. Неліктен?

– Ұстаздардың жақсы бір сөзі бар. «Адамда ықылас жоғалар болса, айналадан сөз тереді...» дейді. Қазір қырық жылғы әңгімені бықсытып отыратын имамдар көп. Біз ондай олқылықтардың орнын толтыруға көп күш жұмсап жатырмыз. Уағыз бен дәріс тың әрі жүйелі болғанда ғана адамды адастырмайды. Жастардың бойына қазақы ислам антивирус болып орнауы тиіс. Жеті атаны жатқа айтып, ата-ананы сыйлау, тауыс-туғанды танып жүру, саналы ұрпақ өрбіту сынды қазақы тәрбиенің қарапайым қағидалары исламның басты құндылықтары болып саналады.

Әңгімеңізге рақмет!

Комментарии (0)

Текст сообщения*
Загрузить файл или картинкуПеретащить с помощью Drag'n'drop
Перетащите файлы
Ничего не найдено
Защита от автоматических сообщений
 
Жалпы Өзекті Комментируемое

Бүгін, 19:03

Полиция қызметі жұмыстың "сервистік моделіне" көшті

Бүгін, 18:34

Қызметтік ит Зайсан тұрғынының қалтасынан есірткі тапты

Бүгін, 18:08

ШҚО-да 8 модульдік полиция бекеті бар, жуықта тағы екеу ашылады

Бүгін, 18:01

Сарбаздардың мұражайға саяхаты - Аягөз

Бүгін, 17:22

Семейде 30-дан астам адам көктайғақтан зардап шекті

Бүгін, 17:00

Даниал Ахметов президентке ШҚО-да халық 100% вакцина салғызғанын айтты

Бүгін, 16:15

ШҚО-да мұз ойылып, 4 балықшы суға кеткен

Бүгін, 16:03

Абай ауданында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Бүгін, 16:00

Өскеменде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ерекше нысандар пайда болады

Бүгін, 15:34

ШҚО-да 38 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Бүгін, 15:14

Семей қаласының шеткі аймақтарын дамыту қалай жүріп жатыр?

Бүгін, 15:11

Елбасы Н.Ә.Назарбавтың «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығы

Бүгін, 14:57

Катонқарағайда көшкін жүрді – ШҚО

Бүгін, 14:00

Өскеменде халықтың жаппай демалуы үшін қолайлы жағдай жасалған

Бүгін, 13:32

Қазгидромет 13 өңірге ескерту жариялады

Бүгін, 11:02

Президент ШҚО әкімі Даниал Ахметовті қабылдады

Бүгін, 10:36

ШҚО-да онкологиялық науқастар саны артып барады

Бүгін, 10:21

ШҚО-да онкологиялық науқастардың саны артты

Бүгін, 10:05

Шығысқазақстандық жүргізушілер жолдың жағдайына алаңдап, дабыл қағуда

Бүгін, 09:34

Ұландық фермерлер Өскемендегі жәрмеңкеде өз өнімдерін ұсынады

Еще

06.06.18, 11:55

ШҚО-да менингитке шалдыққан балалар жазылып шықты

29.09.20, 10:45

COVID-19: Өткен аптада ШҚО-да қайтыс болған науқастарға қатысты мәлімет шықты

30.04.20, 09:09

ШҚО коронавирустың екінші толқынына дайындалуда

10.12.11, 18:00

Қалбатауда өнер мектебінің жаңа ғимараты ашылды

12.02.19, 05:03

Өскеменде автобус бірнеше жеңіл көлікпен соқтығысты

30.04.20, 15:00

Өскеменде 10 қабатты үйден құлаған керамогранит оқушының үстіне түскен

30.04.20, 06:31

ШҚО-да суға кеткен жігіттің денесі табылды

30.04.20, 09:32

4 мамырдан бастап кімдер жұмысқа шыға алады?

03.11.20, 15:45

ШҚО-дағы еріктілер өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмектесті

20.12.11, 18:00

Отаныңа опасыздық жасауға болмайды

29.09.20, 07:45

Өскеменде тағы бір трамвай жаңартылды

03.11.20, 10:15

ШҚО-да билеті бар 50 шақты адам ұшаққа отырғызылмады

30.04.20, 07:41

Коронавирус: тағы 68 науқас тіркелді

02.12.20, 11:16

Аягөз ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды (фоторепортаж)

03.12.20, 18:23

Кезекте тұрған 20 отбасы баспаналы болды - Катонқарағай (ФОТО)

03.07.20, 10:59

Асық технологиясын қолданатын Зайсандағы балабақша (Фоторепортаж)

03.12.20, 18:26

Қосағаш пен Бидайықта "Электронды қызмет көрсету орталығы" ашылды - Аягөз (Фоторепортаж)

16.06.20, 14:15

Арақ пен темекіден бас тартқан 60 үйлі ауыл бар – ШҚО (Фоторепортаж)

03.04.19, 05:59

Кеңсе менеджерінен қарағанда мүсіншінің жұмысы әлдеқайда қызықты - Мейрам Баймуханов

03.12.20, 17:38

Даниал Ахметов 30 отбасына пәтер кілтін табыстады (Фоторепортаж)

Бүгін, 19:03

Полиция қызметі жұмыстың "сервистік моделіне" көшті

Бүгін, 18:34

Қызметтік ит Зайсан тұрғынының қалтасынан есірткі тапты

Бүгін, 18:08

ШҚО-да 8 модульдік полиция бекеті бар, жуықта тағы екеу ашылады

Бүгін, 18:01

Сарбаздардың мұражайға саяхаты - Аягөз

Бүгін, 17:22

Семейде 30-дан астам адам көктайғақтан зардап шекті

Бүгін, 17:00

Даниал Ахметов президентке ШҚО-да халық 100% вакцина салғызғанын айтты

Бүгін, 16:15

ШҚО-да мұз ойылып, 4 балықшы суға кеткен

Бүгін, 16:03

Абай ауданында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Бүгін, 16:00

Өскеменде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ерекше нысандар пайда болады

Бүгін, 15:34

ШҚО-да 38 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Бүгін, 15:14

Семей қаласының шеткі аймақтарын дамыту қалай жүріп жатыр?

Бүгін, 15:11

Елбасы Н.Ә.Назарбавтың «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығы

Бүгін, 14:57

Катонқарағайда көшкін жүрді – ШҚО

Бүгін, 14:00

Өскеменде халықтың жаппай демалуы үшін қолайлы жағдай жасалған

Бүгін, 13:32

Қазгидромет 13 өңірге ескерту жариялады

Бүгін, 11:02

Президент ШҚО әкімі Даниал Ахметовті қабылдады

Бүгін, 10:36

ШҚО-да онкологиялық науқастар саны артып барады

Бүгін, 10:21

ШҚО-да онкологиялық науқастардың саны артты

Бүгін, 10:05

Шығысқазақстандық жүргізушілер жолдың жағдайына алаңдап, дабыл қағуда

Бүгін, 09:34

Ұландық фермерлер Өскемендегі жәрмеңкеде өз өнімдерін ұсынады

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: