Министр мектеп директорларын тағайындаудың жаңа тәртібін түсіндірді

Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Білім

Министр мектеп директорларын тағайындаудың жаңа тәртібін түсіндірді

0

290

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп директорларын тағайындаудың жаңа тәртібін түсіндіріп берді.

Бұл туралы бас педагог Facebook желісіндегі парақшасында жазды. 

– Мектеп директорларын тағайындаудың жаңа тәртібіне тоқталып өтсем. Шын мәнінде, бұл – мектеп директорлары, оқу меңгерушілері, педагогтер және сарапшылармен бірлесе бір жылдан асатам уақыт атқарған тынымсыз жұмыстың нәтижесі. Біріншіден, енді мектеп директорының міндетін атқарушы болып үш айдан аспайтын және бір реттен артық емес мерзімде ғана істеуге болады. Осы кезеңде конкурс өткізіліп, жаңа басшы тағайындалуы керек, – деп жазды министр.

Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, мектеп директорының бос немесе уақытша бос лауазымына конкурс туралы хабарландыру бос орын пайда болғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде білім басқармасының ресми сайтында және аккаунтында орналастырылуы керек.

– Осылайша, бос немесе уақытша бос директор лауазымына конкурс жарияламай-ақ, жылдар бойы директордың міндетін атқарушы болып жұмыс істеп жүре беруге енді жол берілмейді, – деді ол. 

Қазіргі уақытта елімізде мектеп басшысы лауазымына 700-ден аса бос жұмыс орны бар және сәйкесінше ол жерлерде директордың міндетін атқарушы адамдар жұмыс істеп жүр.

– Екіншіден, ережеде директордың уақытша бос лауазымына (бала күтіміне байланысты демалыс, оқу және т.б.) тағайындау регламенттеледі. Мұндай жағдайларда да ұйым басшысы тікелей тағайындау емес, конкурс арқылы анықталады. Үшіншіден, енді директор лауазымына конкурсты аудандық білім бөлімдері емес, облыстық білім басқармалары өткізеді. Яғни, конкурстық рәсімдерді ұйымдастырады және директорларды анықтайды. Содан кейін директордың кандидатурасы бойынша құжаттар еңбек шартын жасасу үшін білім бөліміне жіберіледі. 5 жылға тағайындалады, – деп жазды министр. 

Аймағамбетовтің айтуынша, байқау бірнеше кезеңнен тұрады:

· кандидаттардың директор лауазымына құжаттарды тапсыруы;

· білім басқармасындағы кадр қызметінің кандидаттың біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалауы, конкурсқа қатысуға рұқсат беруі;

· үміткерлерге арналған электрондық тестілеу (басқарушылық құзыреттер, педагогика, психология, ҚР Заңнамасы бойынша тестілеу);

· оқу орнының Қамқоршылық кеңесінің алдында мектептің даму жоспарын қорғау (тестілеуді сәтті тапсырған жағдайда);

· Білім басқармасындағы әңгімелесу (Қамқоршылық кеңесінің алдында мектептің даму жоспарын сәтті қорғап шыққан үміткерлер жіберіледі).

Қамқоршылық кеңестерінің құрамына ата-аналар, педагогика саласының еңбек ардагерлері, қоғам қайраткерлері, Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді. Барлық кезеңнен өткен үміткермен білім бөлімі тиісті еңбек шартын жасап, оны директор етіп тағайындау туралы бұйрық шығарады, – деді Аймағамбетов. 

Кандидаттарды Қамқоршылық кеңесімен келісу бойынша көптеген пікірталас болған.

– Біз мұны да ескердік. Енді Қамқоршылық кеңесі директор лауазымына кемінде екі кандидат бойынша келісім беруі тиіс. Егер кандидаттардың саны бұдан аз болса, онда конкурс өткізілмеген болып есептеледі және қайта жарияланады, – деді министр. 

Егер Қамқоршылық кеңесі екі мәрте екі кандидаттан аз адам таңдаған жағдайда және сәйкесінше конкурс екі рет өткізілмеген болса, онда конкурсқа қатысып жатқан барлық кандидат келесі кезеңге өтеді.

Қамқоршылық кеңестің жұмысы мен құру ережесі де қайта қарастылып жатыр.

– Қағидада болашақ директорларға қойылатын біліктілік талаптарына көп көңіл бөлінеді. Мұнда бірнеше ерекшелік бар. Біріншіден, болашақ директорлар міндетті түрде менеджмент курстарынан өтіп, тиісті сертификаттары болуы керек. Екіншіден, директор лауазымына басшы ретінде жұмыс өтілі бар кәсіби мұғалімдер тағайындалуы мүмкін, ал жалпы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл болуы қажет. Үшіншіден, үміткер тағайындалғанға дейін соңғы екі жыл білім беру саласында жұмыс істеуі тиіс.

Бұл тармақ бұрын-соңды қажетті жұмыс тәжірибесі мен педагогикалық еңбек өтілі бар, бірақ соңғы жылдары білім беру саласында жұмыс істемеген адамдар мектеп директоры лауазымына тағайындалған тәжірибенің болуына байланысты енгізіліп отыр. 20 жыл бұрын мұғалім болып жұмыс істеген немесе тіпті мектеп директоры болған, дегенмен білім беру саласындағы жаңашылдықтар мен өзгерістер туралы хабары жоқ, ауыл әкімдіктерінің немесе өзге де мемлекеттік органдардың қызметкерлері мектеп директоры болып тағайындалатын, – деді Аймағамбетов. 

Төртіншіден, тағы бір жаңашылдық - кадр резервін құру. Алғашқы екі кезеңнен (тестілеу және Қамқоршылық кеңеспен келісу) сәтті өткен, бірақ білім басқармасында әңгімелесуден өтпеген кандидаттар енді бір жылға резервке алынуы мүмкін. Бұл кандидаттарға мектептің Қамқоршылық кеңесімен келісе отырып, бір жыл ішінде директор лауазымына тағайындалу құқығын береді.

Бесіншіден, биылдан бастап директорларды ротациялау институты енгізіледі. Соңғы бірнеше айда ережелер әзірленіп, сарапшылармен талқыланып жатыр.

– Директорларды тағайындау рәсімдері мен оларды материалдық қолдау жөніндегі осы өзгерістің барлығы директор лауазымына лайықты, барынша даярланған кандидаттарды таңдауға және білім беру ұйымдары басшыларының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған. Сайып келгенде бұл білім беру сапасына әсер етеді, – деді министр.

Комментарии (0)

Текст сообщения*
Загрузить файл или картинкуПеретащить с помощью Drag'n'drop
Перетащите файлы
Ничего не найдено
Защита от автоматических сообщений
 
Жалпы Өзекті Комментируемое

Бүгін, 18:00

ШҚО-да жазғы тілдік мектептердің жобасы әзірленеді

Бүгін, 17:26

Рухани құндылықтар – бейбітшілік пен келісімнің кілті

Бүгін, 17:14

Риддер ЖЭО-ға министрліктен комиссия келеді

Бүгін, 16:32

ШҚО-да бау-бақша серіктестіктері электр энергиясымен қамтамасыз етіледі

Бүгін, 16:16

Жиһаз аламын деп, алаяқтың арбауына түсті - Өскемен

Бүгін, 15:44

«Конституциялық реформа» тақырыбында семинар өтті - Өскемен

Бүгін, 15:28

Өскемен әкімі аула мен жол жұмыстарын тексерді

Бүгін, 14:59

Референдум: Конституциялық өзгерістердің айқын 10 көрінісі

Бүгін, 11:03

Жағажайлардағы судың сапасы тексеріледі - Өскемен

Бүгін, 10:18

Риддердегі өрт: Кінәлі азаматқа қатысты сот шешімі шықты

Бүгін, 10:00

ШҚО гвардияшылары ҚР Қорғаныс министрлігінің батальонымен бірлесіп оқу-жаттығу өткізді

Бүгін, 09:38

ШҚО-ға 4271 мың тонна көлемінде көмір қоры қажет

25.05.22, 17:38

"Ипотека бойынша көмектесемін" ШҚО-да алаяқ 6 млн теңге жымқырып кетті

25.05.22, 17:25

Өскеменде қолөнершілер байқауы өтеді

25.05.22, 16:19

Өскеменде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне қосуға конкурс өткізіледі

25.05.22, 15:31

Семейлік тұрғыннан бір келі марихуана тәркіленді

25.05.22, 15:01

«А.Л.Ж.И.Р» қойылымының актерларымен кездесу өтті - ШҚО

25.05.22, 14:51

28,2 млн теңге сомасына 23 грант берілді – ШҚО

25.05.22, 11:32

Өскеменде гараж өртенді

25.05.22, 11:09

ШҚО-да мемлекеттік грант кімдерге беріледі?

Еще

06.06.18, 11:55

ШҚО-да менингитке шалдыққан балалар жазылып шықты

29.09.20, 10:45

COVID-19: Өткен аптада ШҚО-да қайтыс болған науқастарға қатысты мәлімет шықты

30.04.20, 09:09

ШҚО коронавирустың екінші толқынына дайындалуда

10.12.11, 18:00

Қалбатауда өнер мектебінің жаңа ғимараты ашылды

12.02.19, 05:03

Өскеменде автобус бірнеше жеңіл көлікпен соқтығысты

30.04.20, 06:31

ШҚО-да суға кеткен жігіттің денесі табылды

30.04.20, 15:00

Өскеменде 10 қабатты үйден құлаған керамогранит оқушының үстіне түскен

30.04.20, 09:32

4 мамырдан бастап кімдер жұмысқа шыға алады?

03.11.20, 15:45

ШҚО-дағы еріктілер өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмектесті

20.12.11, 18:00

Отаныңа опасыздық жасауға болмайды

29.09.20, 07:45

Өскеменде тағы бір трамвай жаңартылды

03.11.20, 10:15

ШҚО-да билеті бар 50 шақты адам ұшаққа отырғызылмады

30.04.20, 07:41

Коронавирус: тағы 68 науқас тіркелді

03.07.20, 10:59

Асық технологиясын қолданатын Зайсандағы балабақша (Фоторепортаж)

02.12.20, 11:16

Аягөз ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды (фоторепортаж)

03.12.20, 18:23

Кезекте тұрған 20 отбасы баспаналы болды - Катонқарағай (ФОТО)

03.12.20, 18:26

Қосағаш пен Бидайықта "Электронды қызмет көрсету орталығы" ашылды - Аягөз (Фоторепортаж)

16.06.20, 14:15

Арақ пен темекіден бас тартқан 60 үйлі ауыл бар – ШҚО (Фоторепортаж)

03.12.20, 17:38

Даниал Ахметов 30 отбасына пәтер кілтін табыстады (Фоторепортаж)

03.04.19, 05:59

Кеңсе менеджерінен қарағанда мүсіншінің жұмысы әлдеқайда қызықты - Мейрам Баймуханов

Бүгін, 18:00

ШҚО-да жазғы тілдік мектептердің жобасы әзірленеді

Бүгін, 17:26

Рухани құндылықтар – бейбітшілік пен келісімнің кілті

Бүгін, 17:14

Риддер ЖЭО-ға министрліктен комиссия келеді

Бүгін, 16:32

ШҚО-да бау-бақша серіктестіктері электр энергиясымен қамтамасыз етіледі

Бүгін, 16:16

Жиһаз аламын деп, алаяқтың арбауына түсті - Өскемен

Бүгін, 15:44

«Конституциялық реформа» тақырыбында семинар өтті - Өскемен

Бүгін, 15:28

Өскемен әкімі аула мен жол жұмыстарын тексерді

Бүгін, 14:59

Референдум: Конституциялық өзгерістердің айқын 10 көрінісі

Бүгін, 11:03

Жағажайлардағы судың сапасы тексеріледі - Өскемен

Бүгін, 10:18

Риддердегі өрт: Кінәлі азаматқа қатысты сот шешімі шықты

Бүгін, 10:00

ШҚО гвардияшылары ҚР Қорғаныс министрлігінің батальонымен бірлесіп оқу-жаттығу өткізді

Бүгін, 09:38

ШҚО-ға 4271 мың тонна көлемінде көмір қоры қажет

25.05.22, 17:38

"Ипотека бойынша көмектесемін" ШҚО-да алаяқ 6 млн теңге жымқырып кетті

25.05.22, 17:25

Өскеменде қолөнершілер байқауы өтеді

25.05.22, 16:19

Өскеменде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне қосуға конкурс өткізіледі

25.05.22, 15:31

Семейлік тұрғыннан бір келі марихуана тәркіленді

25.05.22, 15:01

«А.Л.Ж.И.Р» қойылымының актерларымен кездесу өтті - ШҚО

25.05.22, 14:51

28,2 млн теңге сомасына 23 грант берілді – ШҚО

25.05.22, 11:32

Өскеменде гараж өртенді

25.05.22, 11:09

ШҚО-да мемлекеттік грант кімдерге беріледі?

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: