Министр Өскеменді ауасы ең лас қалалардың бірі деп атады
24.11.2020 | 11.15
0
386
ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев ауасы ең лас 10 қаланы атады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Баршамызды алаңдатып отырған экологиялық проблемалардың бірі – ауа мен жерүсті суларының ластануы. 2019 жылдың қорытындысы бойынша жасалған экологиялық мониторингке сәйкес, 10 қалада атмосфералық ауа жоғары деңгейде ластағаны анықталды. Олар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Өскемен, Балқаш, Жезқазған және Шымкент қалалары, – деді экология министрі.
Комментарии (0)