Наурыз айында ауа райы қалай болады?
01.03.2021 | 14.47
0
169
«Қазгидромет» РМК көктемнің алғашқы айында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
"Қазгидромет" РМК ақпараты бойынша, облысымызда айдың бастапқы кезеңдерінде ауа райы тұрақсыз күйде болмақ. Тұман түсіп, жел, жауан-шашын, көктайғақ болып, ауа температурасының ауытқуы күтіледі.
Алайда, айдың екінші жартысында күн жылынып, ауа температурасы +3 градустан +10 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.
Комментарии (0)