Қоғамдық штаб мүшелері Бесқарағай ауданының тұрғындарымен кездесті
17.05.2022 | 17.53
0
81
Бүгін Бесқарағай аудандық қоғамдық штабының мүшесі Ерболат Рахметллин мен Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының депутаты Айнаш Әменова Қоянбай және Башкуль ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Жиын барысында штаб өкілдері 5 маусым күні өтетін жалпыхалықтық референдум туралы айтып, Конституцияға еңгізілетін өзгерістер туралы сөз қозғады.
- Референдум - демокартиялық дамудың жаңа көрінісі екендігін, референдум арқылы мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа жүйесіне көшу жүзеге асырылады. Сондай-ақ, елге оң өзгеріс әкелуге септігін тигізетін, еліміздің Ата заңы – Конституцияға енгізіліп жатқан түзетулерді қолдап, маңызды күні науқанға белсенді қатысуға шақырамыз, - деді штаб мүшелері.
Артынша қатысушыларды толғандырған сұрақтарға жауап беріліп, ауылдағы маңызды мәселелер талқыланды.
Комментарии (0)