Оқушылар балабақшаның тозған ғимаратында оқып жүр – ШҚО

Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Басты жаңалықтар

Оқушылар балабақшаның тозған ғимаратында оқып жүр – ШҚО

0

73

Алтай ауданына қарасты Жаңа Бұқтырма кентіндегі қазақ мектебінің ғимараты сонау 70-ші жылдары салынған. Сол кезден бері жөндеу көрмеген ғимараттың бүгінгі жағдайын елестетіп көріңіздер. Бір қызығы, бұл білім мекемесі Президенттің 2025 жылға дейін 1000 мектеп салу жөніндегі тапсырмасына ілінбей қалған.

Жарты ғасырда кірпіштері үгіліп, іргесі сөгіліп кеткен. Терезелері целлофонмен қапталып тұр. Әлеуметтік маңызы бар ғимарат екенін төбесінде желбіреген көк байрақтан ғана тануға болады.

Мектептің ішіндегі жағдай да мәз емес. Көгерген иіс, дәлізі тар, тіпті екі адам сыйысып өте алмайды. Сыныптардың іші ала көлеңке. Терезеден жарық оқушыға сол жақтан түсу керек деген талап баршамызға белгілі ғой, ал мұндағы сыныптарда оқушылар шамның сығырайған жарығын ғана қанағат тұтып отыр. Бір сыныпта 15 бала отырса да, тақтадағы жазуға көздері жетпейді екен. Өйткені тақталары да тозған. Балалар интерактивті тақта, компьютер болса деп армандайды. Бірақ ондай заманауи жабдықтарды қойып, қыл аяғы киім ілетін жерлері жоқ.

Спорт залы тар. Оқушылар дене шынықтыру пәнінде 500 метр жердегі спорт мектебіне барады екен. Жолдарына жиырма минут кетеді. Дене шынықтырудан терлеп шығып, кері қайтады. Жиі ауырып қалатындары да сондықтан деседі. Оның үстіне көлік көп жүретін орталық көшені қиып өтеді. Қауіпті, әрине. Мектептің асханасы да шағын бөлмеде орналасқан. Онда отырып, тамақ та іше алмайды.

Бұрын оқушылар аралас мектепте оқып келіп, 1997 жылы орыс сыныптарына жаңа мектеп салынып берілген. Ал қазақ сыныптарын балабақшаның ескі ғимаратына көшірген. Бүгінде қазақ мектебінде 135 оқушы білім алып жатыр. Арасында маңайдағы Бұқтырма стансасы, Березовка, Октябрск, Селезновка, Сажаевка ауылдарынан келіп оқитын оқушылар да бар. Ата-аналардың айтуынша, жаңа мектеп салынса, бала саны арта түседі. Себебі, жұпыны, тар мектепте оқытқысы келмеген кейбір ата-аналар балаларын орыс мектебіне берсе, кейбіреуі 9-шы сыныптан кейін қалаға колледжге жіберуде. Бірақ бала саны одан кеми қоймаған.

Бұл мәселе сан рет көтеріліп, талай айтылған екен. Ата-аналар 2001 жылы министрге хат жазған, одан нәтиже болмапты. Кейін Бердібек Сапарбаев облыста әкім болып тұрғанда аталмыш проблема жиында айтылып, жаңа мектеп салуға жер бөлінген. Жобалық-сметалық құжаты да жасалады.

- 2015 жылы мектеп салынады деп қуандық. Бекер екен. Ескі мектепті өзіміз әрлеп, жөндеп отырмыз. Мұғалімдер бір кабинетке 45 минут сабақ беруге кіріп, тоңып шығамыз. Ал балалар алты сағат тапжылмай отырады. Аяқтарынан суық өткен қыздардың тең жартысы ауырады, – дейді №1 Жаңа Бұқтырма орта мектебінің мұғалімі Анаргүл Дүрімханқызы.

Жалпы, Алтай ауданында 40-тан астам мектеп болса, оның үшеуі ғана қазақ тілінде білім беретін мектеп. Біреуі – Алтай қаласында, екіншісі – Серебрянск қаласында, үшіншісі – осы Жаңа Бұқтырма кентінде.

– Қазақ мектебі – кентіміздегі қара шаңырақ. Мұнда екі балам оқиды. Тәрбие мен білімді жақсы береді. Өнерлі бала көп. Ұйымдастырған концерттерін көргіміз келеді, барайық десек, орын жоқ. Мысалы, орыс мектебінде екі спортзал бар, қазақ мектебі болса, бір спортзалға жарымаған. Осының бәрін көріп жүрген соң үшінші баламды орыс мектебіне бердім. Амалдың жоғынан. Бұл – менің ғана сөзім емес, осы мектептің ата-аналарының жа­най­қайы. Қазақстанда тұрғанымызбен, қазақ мектебінің кейпі мынау. Тыңғылықты қарап, жоқтан бар жасап отырған соң ғана мектеп тұр. Терезесі тең, қабырғасы кең, шаңырағы биік мектеп болса, орысшаға баратын балалардың жартысы қазақ мектебінің табалдырығын аттар еді, – дейді ата-аналар атынан пікір білдірген Эльмира Қажымұратқызы.

Негізі мектепке кешенді жөндеу жүргізу үшін жобалық-сметалық құжат әзірленіп, 97 млн теңгеге шыққан екен. Алайда бұл ақша неге бөлінбеген?

– 1970 жылы қолданысқа берілген балабақша ғимаратында сонымен қатар, Халыққа қызмет көрсету орталығы, кент әкімдігі және музыка мектебі отыр. Ғимарат пайдалануға берілген жылдан бастап күрделі жөндеу жасалмаған. Ал 130 орындық қазақ мектебін салу 2011-2020 жылдар аралығындағы жоспарда болған. Құрылыс жүргізуге жер актісі де алынған. Облыстық құрылыс басқармасы 2015 жылы тапсырыс беруші ретінде қаржы бөлу жөнінде өтініш жасағанымен, қаржы бөлінбеді. 2016 жылы жобалық-сметалық құжаттың пайдалану мерзімі өтіп кетті, – дейді Алтай ауданы әкімінің орынбасары Жанна Асқарова осы мәселеге қатысты берген жауабында.

Жаңа Бұқтырма кентінде білім ордасы ретінде пайдалануға лайықты тағы бір ғимарат бар екен. Ол - іргесі 1962 жылы қаланған 180 орындық типтік мектептің ғимараты. Қазір «Балалар-жасөспірімдер мектебінің» теңгерімінде бос тұрған көрінеді, спортзалы және бірқатар кабинеттері ғана пайдаланылады. Бірақ бұл ғимарат та күрделі жөндеуді қажет етеді. Аудан басшылығының берген мәліметіне сүйенсек, күрделі жөндеу жұмыстарына 29 млн 169 мың теңге қаражат қажет екен. Алайда облыстық Білім басқармасы бұл соманы бөлуден бас тартқан. Неге? Себебі Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасы шеңберінде қазіргі балалар оқып жатқан мектептің ғимаратына ағымдық жөндеу жүргізу үшін 10 млн теңге қаржы бөлініпті. Бұл сомаға әбден тозығы жеткен ғимараттың қай жыртығын жамауға болады? Қираған жерлердің үстін сипап өтіп, әктеп-сырлағанымен, тар бөлмелер мен дәліздер кеңейе ме, спортзал мен асхана пайда бола ма?

Айта кетсек, 2021 жылы Білім басқармасымен жаңа мектептер салу жөнінде тізім жасалған. Құрылыс Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасы бойынша жүргізіледі. Жаңа мектеп салу үшін қойылатын негізгі талаптар: оқушыларға орын жетпесе, үш ауысыммен оқыса немесе мектеп ғимараты апаттық жағдайда тұрса. Ал №1 Жаңа Бұқтырма мектебі жоғарыда аталған талаптардың біріне де жатпайды екен...

 

Комментарии (0)

Текст сообщения*
Загрузить файл или картинкуПеретащить с помощью Drag'n'drop
Перетащите файлы
Ничего не найдено
Защита от автоматических сообщений
 
Жалпы Өзекті Комментируемое

Бүгін, 17:49

Өскеменде жоғалып кеткен бала аман-есен табылды

Бүгін, 16:18

ШҚО-да көпбалалы отбасындағы бүлдіршіндерге оқу құралдары табысталды

Бүгін, 15:48

Мемлекеттік рәміздерді қорлағандарға айыппұл мөлшері 9,5 млн теңге болмақ

Бүгін, 15:01

Шығыстың спортшысы Ислам ынтымақтастық ойындарында қола жүлде алды

Бүгін, 14:39

Жаңа асфальт жаңбырдан кейін ойылып кетті – Өскемен

Бүгін, 14:32

Елімізде оқу жылы 31 мамырға дейін ұзартылды

Бүгін, 14:12

Ертіске тағы бір адам "кетті" – Өскемен

Бүгін, 14:09

Биыл 7 айда 1 491 есірткі қылмысы тіркелген – ІІМ

Бүгін, 12:27

Аптаның ортасында күн суытады – ШҚО

Бүгін, 11:16

Өскеменде жоғалған баланы әлі іздестіріп жатыр

Бүгін, 11:09

Өскеменде Happy children марафоны өтеді

Бүгін, 10:29

Буров көшесінде көлік қозғалысы шектелді - Өскемен

Бүгін, 09:00

Өскеменде аутизммен ауыратын 12 жастағы балаға іздеу жарияланды

Бүгін, 08:55

Бір тәулікте коронавирустың 930 жағдайы анықталды

14.08.22, 18:03

Қазақстанда дәрігерді үйге шақырмауды ұсынды

14.08.22, 17:14

15 тамызда республиканың бірқатар өңірінде қатты ыстық болады

14.08.22, 16:40

Тарбағатай ауданының дәрігерлері Израиль мен Литвада тағылымдамадан өткен

14.08.22, 15:04

Премьер-министр мектеп формасының бағасына қатысты тапсырма берді

14.08.22, 14:42

Жол қауіпсіздігі – жанның амандығы

14.08.22, 13:30

Қазақстанда КВИ жұқтырған науқастардың саны азайып келеді

Еще

06.06.18, 11:55

ШҚО-да менингитке шалдыққан балалар жазылып шықты

29.09.20, 10:45

COVID-19: Өткен аптада ШҚО-да қайтыс болған науқастарға қатысты мәлімет шықты

30.04.20, 09:09

ШҚО коронавирустың екінші толқынына дайындалуда

10.12.11, 18:00

Қалбатауда өнер мектебінің жаңа ғимараты ашылды

30.04.20, 06:31

ШҚО-да суға кеткен жігіттің денесі табылды

12.02.19, 05:03

Өскеменде автобус бірнеше жеңіл көлікпен соқтығысты

30.04.20, 15:00

Өскеменде 10 қабатты үйден құлаған керамогранит оқушының үстіне түскен

30.04.20, 09:32

4 мамырдан бастап кімдер жұмысқа шыға алады?

03.11.20, 15:45

ШҚО-дағы еріктілер өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмектесті

20.12.11, 18:00

Отаныңа опасыздық жасауға болмайды

29.09.20, 07:45

Өскеменде тағы бір трамвай жаңартылды

03.07.20, 10:59

Асық технологиясын қолданатын Зайсандағы балабақша (Фоторепортаж)

03.11.20, 10:15

ШҚО-да билеті бар 50 шақты адам ұшаққа отырғызылмады

30.04.20, 07:41

Коронавирус: тағы 68 науқас тіркелді

02.12.20, 11:16

Аягөз ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды (фоторепортаж)

03.12.20, 18:23

Кезекте тұрған 20 отбасы баспаналы болды - Катонқарағай (ФОТО)

16.06.20, 14:15

Арақ пен темекіден бас тартқан 60 үйлі ауыл бар – ШҚО (Фоторепортаж)

03.12.20, 18:26

Қосағаш пен Бидайықта "Электронды қызмет көрсету орталығы" ашылды - Аягөз (Фоторепортаж)

03.12.20, 17:38

Даниал Ахметов 30 отбасына пәтер кілтін табыстады (Фоторепортаж)

03.04.19, 05:59

Кеңсе менеджерінен қарағанда мүсіншінің жұмысы әлдеқайда қызықты - Мейрам Баймуханов

Бүгін, 17:49

Өскеменде жоғалып кеткен бала аман-есен табылды

Бүгін, 16:18

ШҚО-да көпбалалы отбасындағы бүлдіршіндерге оқу құралдары табысталды

Бүгін, 15:48

Мемлекеттік рәміздерді қорлағандарға айыппұл мөлшері 9,5 млн теңге болмақ

Бүгін, 15:01

Шығыстың спортшысы Ислам ынтымақтастық ойындарында қола жүлде алды

Бүгін, 14:39

Жаңа асфальт жаңбырдан кейін ойылып кетті – Өскемен

Бүгін, 14:32

Елімізде оқу жылы 31 мамырға дейін ұзартылды

Бүгін, 14:12

Ертіске тағы бір адам "кетті" – Өскемен

Бүгін, 14:09

Биыл 7 айда 1 491 есірткі қылмысы тіркелген – ІІМ

Бүгін, 12:27

Аптаның ортасында күн суытады – ШҚО

Бүгін, 11:16

Өскеменде жоғалған баланы әлі іздестіріп жатыр

Бүгін, 11:09

Өскеменде Happy children марафоны өтеді

Бүгін, 10:29

Буров көшесінде көлік қозғалысы шектелді - Өскемен

Бүгін, 09:00

Өскеменде аутизммен ауыратын 12 жастағы балаға іздеу жарияланды

Бүгін, 08:55

Бір тәулікте коронавирустың 930 жағдайы анықталды

14.08.22, 18:03

Қазақстанда дәрігерді үйге шақырмауды ұсынды

14.08.22, 17:14

15 тамызда республиканың бірқатар өңірінде қатты ыстық болады

14.08.22, 16:40

Тарбағатай ауданының дәрігерлері Израиль мен Литвада тағылымдамадан өткен

14.08.22, 15:04

Премьер-министр мектеп формасының бағасына қатысты тапсырма берді

14.08.22, 14:42

Жол қауіпсіздігі – жанның амандығы

14.08.22, 13:30

Қазақстанда КВИ жұқтырған науқастардың саны азайып келеді

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: