Облыс орталығында жаңажылдық шырша орнатылды
20.12.2021 | 14.57
0
23
19 желтоқсан күні Өскемен қаласында жаңажылдық шырша орнатылды,деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Жаңа жыл мерекесінің басты белгісі болып табылатын шыршаның биіктігі - 20 метр. Ол қала тұрғындарына таңсық емес. Себебі биылғы жылы жаңа шырша сатып алынбаған. Тек безендірілген шыршадан былтырғы ойыншықтардан бөлек, жаңаларын да көруге болады.
Сонымен қатар, алаңда бірнеше фотоға түсуге арналған орындар да дайындалады.
Жалпы облыс орталығында 4 жерге жаңажылдық шырша орнатылатын көрінеді.
Комментарии (0)