Облыстық драма театрына жаңа басшы тағайындалды - ШҚО
01.06.2021 | 17.22
0
210
1 маусымынан бастап «Шығыс Қазақстан облыстық драма театры» КМҚК бас директоры болып Қайырсынов Руслан Қайырбекұлы тағайындалды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бүгін театр ұжымына жаңа басшыны «Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» ММ-нің басшысы м.а. Нурмуханова Раушан Қапасқызы таныстырды.
Қайырсынов Руслан Қайырбекұлы 1979 жылы 16 шілдеде дүниеге келген. «Кәсіпорындағы экономика және менеджмент» және «Құқықтану» мамандықтары бойынша жоғары білімі бар. Еңбек жолын 2002 жылы бастаған. 2008 жылға дейін сот жүйесінде жұмыс істеді.
2008-2009 жж. - Жамбыл атындағы Шығыс Қазақстан облыстық драма театры директорының орынбасары;
2009-2011 жж. - ШҚО мәдениет басқармасы басшысы орынбасары;
2011-2012 жж. - Зайсан ауданы әкімінің орынбасары;
2012-2013 жж. - Жамбыл атындағы Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының директоры;
2013-2015 жж. - ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы.;
2015-2019 жж. - ШҚО әкімі Іс басқармасының басшысы;
2019-2021 жж. - Шығыс Қазақстан сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы директорының орынбасары.
Екі мерейтойлық мемлекеттік наградалармен марапатталған: «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл».
Комментарии (0)