Облыстың инвестициялар мен құрылыс саласында өсім байқалады – ШҚО әкімі
22.12.2021 | 17.26
0
33
ШҚО әкімі бүгін қала және аудан әкімдерімен "Ауыл ел бесігі" бағдарламасының іске асырылу барысы бойынша кеңес өткізді.
Бұл бағдарламаға облыстың 116 тірек ауылы кіреді, қазіргі уақытта 44 елді мекенде 75 жоба аяқталды, тағы алтауы жыл соңына дейін және 12-сі 2022 жылы жүзеге асырылмақ. Жобалардың ішінде дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, бассейндер, мәдениет үйлері құрылысы, мектептерді жөндеу нысандары кіреді.
Алайда, мерзімдері ұзаққа созылған аудандар кездеседі. Олардың құрылыс материалдарының қымбаттауы, конкурстардың кеш өткізілуі және жобаларды пысықтау қажеттілігі сияқты объективті себептері бар көрінеді. Аймақ басшысы осы мәселелердің барлығын қарастыратын, сапалы талдау жүргізетін комиссия құруды тапсырма берді.
- Сонымен қатар, қала және аудан әкімдеріне барлық тендерлер сәуір айына дейін өтетінін, жұмыстар құрылыс маусымында жүргізілетінін қадағалауды тапсырдым. Қазір көптеген ауылдарда дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салынып жатыр. Бірақ мұны демографиялық жағдайды, балалар санын ескере отырып істеу керек. Бізде жобалар бар және әр елді мекеннің талдауын ескере отырып, спорт нысандарын салу қажет. Бүгінде өңірде балалар бұқаралық спортын дамытуға үлкен көңіл бөлінуде, 7000 тегін секция жұмыс істейді. Ауылдық жерлерде жаттықтырушылар саны артты, - деді аймақ басшысы.
Сондай-ақ облыс әкімі ағымдағы жылдың 11 айында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындылары шығарылғанын, инвестициялар мен құрылыс саласында бір мәнді өсім байқалатынын айтып өтті.
Комментарии (0)