Шығыс Қазақстан облысындағы жетім балаларға арналған мектеп-интернатта мектеп бітірушілерге тиісті бір жолғы әлеуметтік көмек толықтай төленбей келген. Бұл факті прокурорлық тексеру кезінде әшекерленді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі Қазақстан Бас прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық салада заңдылықты қадағалау жөніндегі департаментінің мәліметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Бас прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық салада заңдылықты қадағалау жөніндегі департаменті балаларға 3 миллион теңгеден артық төленбей келген жәрдемақылары қайтарылғанын хабарлайды.
Мәліметте көптеген облыстарда балалардың тиісті жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдерді алу құқықтары аяққа тапталып келгені айтылған. Прокурорлық тексерулердің нәтижесінде барлығы 8 миллион теңгенің жәрдемақылары төленбегені анықталды.
Бүлдіршіндердің құқықтарын бұзған мекемелердің ішінде Шығыс Қазақстан облысындағы жетім балаларға арналған мектеп-интернат та бар. Бұл мекемеде мектеп бітірушілерге тиісті бір жолғы әлеуметтік көмек толықтай төленбеген. Сонымен қатар, балалардың мүгедектікке байланысты алатын жәрдемақылары мен бәр жолғы әлеуметтік көмектері де толық берілмеген.
Комментарии (0)