Омикрон: коронавирустың жаңа штаммы несімен қауіпті?
18.01.2022 | 11.20
0
85
"Омикрон" әлемге тез жайылды. Күн сайын науқастардың саны артып келеді. Омикрон жайлаған елдерде тіркелген жағдайлардың саны рекордтық көрсеткіштерге жетуде. Соңғы айда "омикрон" инфекциясының жағдайлары Қазақстанда да тіркеле бастады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, "омикрон" бірқатар мутациялардан кейін ағзадағы ақуыз құрамына әсер етуі мүмкін. Бұл аталмыш вирустың аса қауіпті екенін білдіреді.
Дельта штаммынан туындаған сырқат белгілерімен салыстырса, "омикрон" жұқтырған науқастар әлсіздік сезініп, басы ауырады, иіс сезімі аз жоғалады және дәм сезімдері өзгереді. Жалпы симптомдары бізге бұрыннан белгілі маусымдық ЖРВИ-ге ұқсас. Кейбір науқастарда дене температурасы төмендеп кетеді, ал балаларда бөртпелер пайда болады екен.
Жапон ғалымдарының пікірінше, "омикрон" бұрынғыдан 4,2 есе тез таралады. Жөтел, тұмау секілді респираторлық симптомдары бар адамнан жұғуы мүмкін.
Әдетте, Сovid-19 вирусын анықтайтын тест инкубация кезеңінің соңына қарай, алғашқы белгілер пайда болғанға дейін, яғни жұқтырғаннан кейін 1-6 күн өткен соң оң нәтиже көрсетеді.
Дүниежізілік денсаулық сақтау ұйымы ПТР тестілері коронавирустың бұл штаммын әзірше анықтай алатынын айтады.
Аурудың белгілері пайда кезде оқшауланып, медициналық көмекке жүгіну керек және алдын – алу бойынша барлық ұсыныстарды қатаң сақтау міндетті - маска кию, қолды жуу, қашықтықты сақтау және вакцинация.
Комментарии (0)