Өскемен сәбилер үйінің қызметкерлері әйелдер мейрамымен құттықталды

Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Өскемен сәбилер үйінің қызметкерлері әйелдер мейрамымен құттықталды

0

62


Кеше ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар Өскемендегі бірқатар мекемелерге ат басын байлап, көп жағдайда еңбектері ескерілгенмен, өздері елеусіз қалатұғын, салауатты қоғам қалыптастыруға салмақты үлес қосудан тынбай жүрген аруларымызды Халықаралық әйелдер мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Талайына тастанды болу жазылған бөбектерді мейірім шапағатына бөлеп, аялы алақан-дарында өбектеп өсіріп жатқан Өскемендегі мамандандырылған сәбилер үйінің қызметкерлері үшін 6-наурыз ерекше күн болды. Көктеммен бірге көтеріңкі көңіл күй алып жететін осынау шуақты мейрамды бұл мекеменің ұжымы жыл сайынғы дәстүрлі әдеттен ауытқып, өзгеше қарсы алды биыл. Оған себеп – облыс Әкімінің орынбасары Жақсылық Омар бастаған лауазым иелерінің қайырымды жүректерге толы қара шаңыраққа арнайы келіп, құрмет көрсетуі болды.

Сәбилер үйінің директоры Гүлнар Даниярованың айтуына қарағанда, аталмыш мекеменің іргесі сонау 1945 жылы құрылыпты. Содан бері міне, қаншама мыңдаған тасжүрек аналардың тастанды нәрестелерін бауырына басып, қамқорлық көрсетіп келеді. Қазір ол жерде жөргектегі жаңа туылған шақалақтан бастап бес жасқа дейінгі ұзын саны 112 бүлдіршін тәрбиеленуде. Оның ішінде екі топқа мүмкіндігі шектеулі балалар топтастырылған.

Көңілге медеу болатын бір дерек, кейінгі уақытта олардың саны азая бастаған. Мәселен, 2010 жылы мұндағы жетімектердің саны 150-ді құраған. Оған бала асырап алушылар мен қамқоршылардың көбейіп, керісінше перзентханадан келетін бөпелердің сирей түсуі өзінің оң әсерін тигізген.

Өскемен сәбилер үйінің қызметкерлері әйелдер мейрамымен құттықталды

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балақайларға әке орнына әке, шеше орнына шеше болған екі жүздей қызметкер осы мекеменің қабырғасында қызмет етсе, соның тоғызы ғана ер-азамат, қалғаны әйел заты.

– Осындай мереке күндері біз-дер елдің алдында жүрген немесе басшылық қызметтегі әйел азаматтарды, дәрігерлеріміз бен ұстаздар қауымын алқалап, сіздердей еңбегі ерен қарапайым қызметтегі аруларымызды елеусіз қалдырып жататын сәттердің болатыны шындық.

Сол себепті біз биыл осы дәстүрді өзгертіп, ең алдымен еліміздің бола-шағы саналатын өскелең ұрпақты тал бесіктен тәрбиелеген мейірбан жүректі сіздерді – сәбилер үйінің ұжымын Халықаралық әйелдер мейрамымен құттықтауға арнайы келдік, – деген Жақсылық Омар асқан жауапкершілікті талап ететін бейнетті де сауапты істеріне табыс тілеп, ала келген сый-сияпаттарын ұсынды.

Сәбилер үйінің сәнін кіргізіп, береке-бірліктің ұйытқысына айналған әйел қызметкерлерге хош иісі аңқыған гүл шоқтарын сыйлап, ал кішкентай құлыншақтарға сан түрлі ойыншықтар үлестірді. Бүлдіршіндер де қарап қалған жоқ, қамқоршы аға-әпкелеріне дайындаған концерттік бағдарламаларын қойып, ән-биден шашу шашты.

Өскемен сәбилер үйінің қызметкерлері әйелдер мейрамымен құттықталды

– Біздің жұмыстың қиындығын көпшілік түсіне бермейді. Бұл сәби-лерге бүкіл жан-жүрегімізбен елжіреп, туған баламыздан артық әлпештейміз, бағып-қағамыз. Мұндағы кішкентайлардың тек қана екеуі тұлдыр жетім, қалғандарының тастап кеткен ата-аналары бар, – дейді Гүлнар Даниярова.

Облыс Әкімінің орынбасары балалар үйін аралап көріп, жағдайымен жақынырақ танысты. Алатын жалақылары айтарлықтай көп болмаса да өз міндеттерін адал атқарып жүрген тәрбиешілермен сұхбаттасып, жүздерінен аналық мейірім мен махаббаттың лебі ескен абзал жандардың ақтарыла айтқан өтініш-тілектеріне ден қойды. Жарық әлемнің пердесін мүгедек болып ашып, тағдырдың тауқыметін қатар тартып өсіп келе жатқан бейкүнә балақайлармен тілдесті, құндақтағы нәрестелер бөлмесіне бас сұғып, көрді.

Сонымен қатар, облыс Әкімінің орынбасары Жақсылық Омар қаладағы «Алтын-ай» мүгедек әйелдердің қоғамдық бірлестігінде болып, еңбектің көрігін қыздырған мүмкіндігі шектеулі нәзік жандарды келе жатқан мерекелерімен құттықтады. Үкіметтік емес ұйымның мүшелерімен сөйлесіп, проблемасына көңіл бөлді. Қоғамдық бірлестік төрайымы Мағиза Мирвазетдинованың айтуына қарағанда, бүгінгі күні шешімін таппай тұрған мәселенің бірі – тапсырыс көлемінің аздығы. Яғни, тапсырыстың аздығынан мүгедек әйелдер істейтін тігін цехы өзінің жұмыс қуатын толық пайдалана алмай отыр. Сондықтан бірлестіктегілер аймақ басшысының орынбасарынан тапсырысты арттыруға көмектесуді өтінді.

Серік Әбілхан
суретті түсірген Ғылымбек Сабитов
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Сондай-ақ қараңыз: Жаңалықтар

Комментарии (0)

Текст сообщения*
Загрузить файл или картинкуПеретащить с помощью Drag'n'drop
Перетащите файлы
Ничего не найдено
Защита от автоматических сообщений
 
Жалпы Өзекті Комментируемое

Бүгін, 18:03

Ұлан ауданының ұстазы облыстық байқауда бас жүлдені жеңіп алды

Бүгін, 16:59

Кинодағыдай. Балтамен қаруланған адам Жақсылық Омарды шақырған

Бүгін, 16:15

Тәуелсіздік – 30. Велошабандоз 45 күнде жеті өңірге саяхаттамақ

Бүгін, 15:55

Семейде кәсіпорын аумағында өрт шықты

Бүгін, 15:49

140 000 теңге ақша мен «Лексустың» кілтін ұрлап кеткен - Семей

Бүгін, 15:00

ШҚО-да шектеу шараларын бұзған 6 жағдай анықталды

Бүгін, 14:20

Қала тұрғынын алдап 700 000 теңге ақша алған күдікті ұсталды - Өскемен

Бүгін, 14:06

Өскемен әкімі вакцина салдырды

Бүгін, 12:18

Өскемен қаласында жарылыс жұмыстары жүргізіледі

Бүгін, 11:26

Ұлан ауданының тарихи мекендері: Солдатское және Алмасай

Бүгін, 11:12

Марқакөлде көше атауы өзгерді

Бүгін, 11:11

Өскеменде аулаларға жаңа контейнерлер қойылады. Ол не үшін?

Бүгін, 11:06

Қазақстан «қызыл» аймаққа қайта кірді

Бүгін, 10:53

Даниал Ахметов: "жасыл аймаққа" өту – әрбір тұрғынның еңбегі

Бүгін, 10:50

Қасым Қайсенов кентінде 200-ге жуық жас ағаш егілді

Бүгін, 10:21

Қазақстанда балалар 2022 жылдан бастап тегін ұша алады

Бүгін, 10:04

Өскеменде ағашқа шығып қайта түсе алмай қалған бала құтқарылды

Бүгін, 10:00

ШҚО-да күшті жел колледж шатырын ұшырып кетті

Бүгін, 09:31

ШҚО-да 3 мың студентке жатақханадан орын тапшы

Бүгін, 09:29

Алматы трассасына шығатын жол жабылады – Өскемен

Еще

06.06.18, 11:55

ШҚО-да менингитке шалдыққан балалар жазылып шықты

30.04.20, 09:09

ШҚО коронавирустың екінші толқынына дайындалуда

29.09.20, 10:45

COVID-19: Өткен аптада ШҚО-да қайтыс болған науқастарға қатысты мәлімет шықты

10.12.11, 18:00

Қалбатауда өнер мектебінің жаңа ғимараты ашылды

30.04.20, 15:00

Өскеменде 10 қабатты үйден құлаған керамогранит оқушының үстіне түскен

12.02.19, 05:03

Өскеменде автобус бірнеше жеңіл көлікпен соқтығысты

30.04.20, 09:32

4 мамырдан бастап кімдер жұмысқа шыға алады?

30.04.20, 06:31

ШҚО-да суға кеткен жігіттің денесі табылды

29.09.20, 07:45

Өскеменде тағы бір трамвай жаңартылды

20.12.11, 18:00

Отаныңа опасыздық жасауға болмайды

03.11.20, 15:45

ШҚО-дағы еріктілер өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмектесті

03.11.20, 10:15

ШҚО-да билеті бар 50 шақты адам ұшаққа отырғызылмады

30.04.20, 07:41

Коронавирус: тағы 68 науқас тіркелді

03.12.20, 18:23

Кезекте тұрған 20 отбасы баспаналы болды - Катонқарағай (ФОТО)

02.12.20, 11:16

Аягөз ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды (фоторепортаж)

03.07.20, 10:59

Асық технологиясын қолданатын Зайсандағы балабақша (Фоторепортаж)

16.06.20, 14:15

Арақ пен темекіден бас тартқан 60 үйлі ауыл бар – ШҚО (Фоторепортаж)

03.12.20, 18:26

Қосағаш пен Бидайықта "Электронды қызмет көрсету орталығы" ашылды - Аягөз (Фоторепортаж)

03.12.20, 17:38

Даниал Ахметов 30 отбасына пәтер кілтін табыстады (Фоторепортаж)

03.04.19, 05:59

Кеңсе менеджерінен қарағанда мүсіншінің жұмысы әлдеқайда қызықты - Мейрам Баймуханов

Бүгін, 18:03

Ұлан ауданының ұстазы облыстық байқауда бас жүлдені жеңіп алды

Бүгін, 16:59

Кинодағыдай. Балтамен қаруланған адам Жақсылық Омарды шақырған

Бүгін, 16:15

Тәуелсіздік – 30. Велошабандоз 45 күнде жеті өңірге саяхаттамақ

Бүгін, 15:55

Семейде кәсіпорын аумағында өрт шықты

Бүгін, 15:49

140 000 теңге ақша мен «Лексустың» кілтін ұрлап кеткен - Семей

Бүгін, 15:00

ШҚО-да шектеу шараларын бұзған 6 жағдай анықталды

Бүгін, 14:20

Қала тұрғынын алдап 700 000 теңге ақша алған күдікті ұсталды - Өскемен

Бүгін, 14:06

Өскемен әкімі вакцина салдырды

Бүгін, 12:18

Өскемен қаласында жарылыс жұмыстары жүргізіледі

Бүгін, 11:26

Ұлан ауданының тарихи мекендері: Солдатское және Алмасай

Бүгін, 11:12

Марқакөлде көше атауы өзгерді

Бүгін, 11:11

Өскеменде аулаларға жаңа контейнерлер қойылады. Ол не үшін?

Бүгін, 11:06

Қазақстан «қызыл» аймаққа қайта кірді

Бүгін, 10:53

Даниал Ахметов: "жасыл аймаққа" өту – әрбір тұрғынның еңбегі

Бүгін, 10:50

Қасым Қайсенов кентінде 200-ге жуық жас ағаш егілді

Бүгін, 10:21

Қазақстанда балалар 2022 жылдан бастап тегін ұша алады

Бүгін, 10:04

Өскеменде ағашқа шығып қайта түсе алмай қалған бала құтқарылды

Бүгін, 10:00

ШҚО-да күшті жел колледж шатырын ұшырып кетті

Бүгін, 09:31

ШҚО-да 3 мың студентке жатақханадан орын тапшы

Бүгін, 09:29

Алматы трассасына шығатын жол жабылады – Өскемен

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: