Өскеменге астанадан үш автобус келді
19.03.2020 | 09.13
0
122
Өскеменге ел астанасы мен Алматы қалаларынан жолаушы автобустары келіп жатыр. Вирустың таралуына жол бермеу мақсатында құрылған арнайы штабтың өкілдері жолаушылардың ыстығы өлшенетінін айтты, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі YK-news сайтына сілтеп.
«Бүгін Нұр-Сұлтаннан үш рейс келді. Тағы да келеді. Ондағы жолаушылардың ыстығы өлшенеді және өздерінен сұрақ-жауап алынады. Бұл іс-шараға қала тұрғындарын түсіністікпен қарауға шақырамыз. Қоғамдық денсаулықты сақтау – бәрімізге міндет», – деді штабтың өкілдері.
Айтуларынша, бүгін кешке Алматыдан да бірнеше автобус келіп жетуге тиіс.
Комментарии (0)