Отыз жылдағы өркениетті Өскемен

Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Фоторепортаж

Отыз жылдағы өркениетті Өскемен

0

14

Осынау отыз жылдың ішінде Өскемен өзгеріп, түрленді, гүлденді, дамыды. Ертістің қос жағасын жайлаған қаланың мәдениеті мен рухани ортасы да қалыптасып үлгерді. 

Тәуелсіздіктің отыз жылында Өскеменде атқарылған айтулы істерді атап өтейік.

DSC_9648 (1).JPG

«Теңге сарайы»

1992 жылы өз жұмысын бастады. Сарай бүгінге дейін Қазақстанды қажетті монеталармен толық қамтамасыз етіп келеді. Күнделікті қолданыстағы монеталармен қатар, жоғары сапалы алтын мен күмістен жасалған коллекциялық монеталар да шығарылады.

Даңқ мемориалы

Ұлы Отан соғысы майданында ерлікпен қаза тапқан шығысқазақстандықтарды еске алу мақсатында Ертіс пен Үлбі өзендерінің қосылған тұсында Даңқ мемориалдық кешені ашылды. Жеңістің елу жылдығында ашылған кешенде жыл сайын 9 мамырда қала тұрғындары осы жерде ардагерлерге тағзым етеді. Бұл ескерткіштің авторы белгілі мүсінші – Валерий Раппопорт және сәулетші Станислав Кристофоров еді.

«Қазақстан» тауы

Өскемен шаһарының шығысындағы Ботбай тауының ең ұшар басына еліміздің көк байрағы тігіліп, баурайына үлкен әріптермен «Қазақстан» деп жазылған болатын. Тау үстіндегі алаңға амфитеатр салынып, аталмыш жазу және мемлекеттік Ту жаңартылды. Ол жерге электр желісі тартылып, жазу мен байрақ түнде де көрініп тұратындай болды. Жалаусаптың ұзындығы 40 метрге дейін көтеріліп, тудың көлемі ұлғайтылды. Содан бері өскемендік көк байрақ – көлемі жағынан еліміздегі екінші ірі Ту. Теңіз деңгейінен 522 метр биіктікте желбіреп тұрған оның ені 12, ұзындығы 24 метрді құрайды. Ал, ені 15, ұзындығы 30 метр болатын ең үлкен қазақ туы Астанадағы «Атамекен» кешенінде тігілген. Айта кетерлік жайт, «Қазақстан» деген тау баурайына жазылған үлкен жазу елімізде тек Өскеменде ғана бар.

Бүгінгі таңда Өскеменге аяқ тірегеннен қонақтар жиі баратын орынның бірі – осы кешен. Ол ел арасында «Қазақстан» тауы деген жанама атқа да ие. Аспанмен тілдескен жалау мен жарқыраған жазу қаланың қай тұсынан болсын көзге оттай басылып, мен мұндалап, елдігімізді айғақтап, рухымызды асқақтатып тұр.

DSC_4806.JPG

«Үміт» балалар үйі

Шаһарда ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар үшін «Үміт» балалар үйі ашылды. Қазақ халқы жетімін жылатпаған ел екенін өскемендіктер осылайша тағы бір мәрте дәлелдеген. Иә, мұнда жүздеген бала тәрбиеленді. «Үміт» үйінен сегіз қырлы, бір сырлы таланттылар, талаптылар түлеп ұшты.

 Мухамади мешіті

Жеке кәсіпкер Қазыкен Әнуарбекұлы Мұхамадиевтің демеушілігімен «Мұхамади» мешіті салынды. Ғимарат күмбезді корпус пен екі мұнарадан тұрады. Биіктігі 45 метрлік екі мұнаралар Стамбул стилінде салынған.

_DSC0032.JPG

Жауынгерлере құрмет

Ауғаныстандағы интернационалист жауынгерлерді еске алуға арналған мемориалдық кешен ашылды. Тас мемориалдық тақтада қаза тапқан шығысқазақстандықтардың есімдері жазылған.

Сол жақ жағалаудағы кешен

Жергіліктітұрғындардың және қала қонақтарының барып-қайтудың ең сүйікті орны –Мұражай-қорықтың сол жақ жағалаудағы кешен. Мұнда балалардың бос уақыттарына арналған қызықтың барлығы бар: зообақ, этноауыл, түрлі стильдегі және бағыттағы саябақтар, көрме павильондары және де «Көкшіл көлдер» жағажайы, қайық станциясы мен балаларға арналған «Ертегінің таңғажайып әлемі» көрмесі, ойындар кешені. 

Абай мүсіні

Республика алаңында қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың тұлға мүсіні тұғырға қонды. Ақынның мүсінін жасаумен Қарағандыдағы Суретшілер Одағының мүшелері айналысты. Ескерткіштің авторлары Ескен Сергебаев және Бақытжан Әбішевтер. Қоладан құйылған тұлға мүсіннің биіктігі 5 метр 40 см болса, тұғыры 7 метр 80 см. Ескерткіштің жалпы биіктігі 13 метр 20 см.

WhatsApp Image 2021-06-21 at 03.39.13.jpeg

Қаcым Қайсеновке бюст қойылды

Қола ескерткіш әу баста Киров көшесі мен Жеңіс даңғылының қиылысында орнатылғанымен, кейін өз есімі берілген саябаққа, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған музейдің алдына көшірілді.


_DSC0060.JPG

Жаңа ықшам аудандар

Отыз жылда қаламызда бірнеше ықшам аудандар пайда болып, соның арқасында халық саны да артып келеді. Мұнда жыл сайын жаңа тұрғын үйлер салынып, жастар баспанамен қамтылуда. Кезінде Өскеменнің маңындағы ен далалар бүгінде заманауи инфрақұрылымы бар кішігірім қалашықтарға айналған. 

WhatsApp Image 2021-06-21 at 03.40.11.jpeg

Бәйтерек

Елордамыздың символына айналған Бәйтеректің көшірмесі Ертіс көпірінің кіреберісіне орнатылды. Айта кетерлігі, Бәйтеректің көшірмесі алғаш рет Өскеменде бой көтерді.

Назарбаев мектебі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «20 Зияткерлік мектеп» мемлекеттік бағдарламасы аясында химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ашылды.

Махаббат аллеясы

Ертіс жағалауында ұзыннан ұзақ созылған махаббат аллеясы мен амфитеатр алаңы ашылды. Тұрғындардың сүйікті орнына айналған аллея Новаторов көшесінен басталып, Ертіс көпіріне дейінгі аралықты алып жатыр. Аллея пәк сезімді айшықтайтындай мүсіндерге толы.

Мешіт

Ертістің сол жағалауында күмбезі көк тіреген 3000 орындық мешіт жамағатқа есігін айқара ашты. Кірпіші классикалық ислам стилінде қаланған ғимараттың 63 метрлік 4 мұнарасы бар. Халифа Алтай мешітінің ішкі көрінісі де таңдай қақтырмай қоймайды. Басқасын айтпағанда, биіктігі 7 метр, диаметрі 5 метрлік аспашам мыстың жеңіл қорытпасы қосылған хрустальдан жасалған.

44.jpg

Оралхан Бөкейдің мүсіні

Жібек маталар комбинаты ықшам ауданында жазушы Оралхан Бөкейдің 70 жылдық мерейтойына орай кеуде мүсіні ашылды.

Қабанбай мүсіні

Нұрлы көш ауылының кіреберісінде атқа қонған Қабанбай батырдың алты метрлік қола мүсіні менмұндалады. Ескерткіштің тұғырымен қосқандағы жалпы биіктігі он үш метрден асады. Мүсіннің авторы – суретші Нұрлан Далбай.

Жеңіл атлетика орталығы

Облыс орталығында Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығы ашылды. Ғимараттың ауданы – 6910,85 шаршы метр болса, аренасының ауданы – 4695 шаршы метрді құрайды. Отыратын орындар саны – 680.

MER_3967 (1).JPG

Қан орталығы

Елімізде баламасы жоқ біргей медициналық мекемелердің бірі – Қан орталығы ашылды. Облыстық қан орталығы 13 аудан мен Өскемендегі 25-тен астам денсаулық сақтау ұйымдарын қан компоненттерімен, препараттарымен және диагностикалармен қамтамасыз етеді. Көшпелі бригада тұрақты түрде донорлық қан дайындау жұмыстарын жүргізеді.

Әуенді субұрқақ

Сондай-ақ, Өскеменнің орталық алаңында жаңа әуенді субұрқақ іске қосылды. Әуеннің ырғағына қарай би билеген субұрқақ қырық метр биіктікке дейін шапшиды.

_DSC0595.JPG

Неке сарайы

Облыстық мешіттің қатарында сәулеті ерекше «Неке Сарайы» бой көтерді. Шаңырақ көтерген жастардың көбі осында келіп, некелерін қиғызады. 500 адамға арналған залында той-томалақ ұйымдастыруға да болады.

Жамбыл ескерткіші

Жамбыл саябағында Жамбыл Жабаевтың ескерткіші ашылды. Ұлы Отан соғысы жылдарында, Ленинград блокада шеңберіне алынған кезде, алғашқылардың бірі болып «Ленинградтық өренім» атты өлеңімен ленинградтықтардың батылдығын қолдаған ақын.

«Самал» саябағы

Ертістің жағасында «Самал» саябағы ашылды. Өзеннен самал жел есетін саябақтың жағажайы жаздың аптап ыстығында қалалықтар үшін таптырмас орын. Балалар үшін де әр түрлі ойын алаңдары бар. Саябақтың құрылысын жоспарлау кезінде тұрғындардың жас ерекшеліктері ескерілді. Қазір мұнда еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін серуендейді.

Өскемен аллеясы

Өскемендегі 19 шағын ауданға бас-аяғы бір шақырымнан астам жаңа аллея түсті. Ілияс Есенберлин даңғылы мен Уәлиев көшесін жалғап жатқан аллеяда балаларға арналған екі ойын, екі спорт алаңы, он шақты «MAF» элементі бар. Тротуардың жиектеріне 111 түптен астам шырша мен қарағай егілді. 

Өскемен аллея (1).JPG

"Өскемен" жазуы

Қалаға кіре берісте орнатылған қаланың қазақша атауы Тәуелсіздіктің нағыз символына айналып отыр. 

хх.jpg

Комментарии (0)

Текст сообщения*
Загрузить файл или картинкуПеретащить с помощью Drag'n'drop
Перетащите файлы
Ничего не найдено
Защита от автоматических сообщений
 
Жалпы Өзекті Комментируемое

Бүгін, 19:00

ШҚО-да ел көрмеген биік сарқырама табылды

Бүгін, 18:51

Сәтпаев даңғылындағы жөндеу жұмыстары жалғасады

Бүгін, 18:41

28-ші ықшам ауданында шағын кент пайда болады – Өскемен

Бүгін, 18:19

Ұлан ауданының азаматтары игі істің себепкері болды

Бүгін, 17:30

Семейдің жаңа әкімі алғашқы жиында біраз сын айтып тастады

Бүгін, 17:12

Вакцинацияланған студенттер ЖОО-да оқуға жеңілдіктер алады – министр

Бүгін, 16:53

Қараусыз жайылып жүрген мал иелеріне айыппұл салынады - Полиция

Бүгін, 16:17

ШҚО – азық-түлікке көп ақша жұмсайтын үш өңірдің бірі

Бүгін, 15:54

ШҚО-да жыл басынан бері 109 өрт шықты

Бүгін, 15:02

Қазақстанда тағы бір сала мамандарына міндетті вакцина енгізілмек

Бүгін, 14:56

Өскеменде домбыра-party өтеді

Бүгін, 14:44

Қалтасында кептірілген қарасора. Өскемен тұрғыны автобус аялдамаларын тазалау жұмыстарына тартылды

Бүгін, 12:18

Қазақстанда міндетті вакциналауды енгізу қажет – Мамин

Бүгін, 12:13

Өскеменде «Жасөспірім» жедел алдын алу іс-шарасы басталды

Бүгін, 11:12

"Бейнебақылау камерасы, дабыл түймесі" ШҚО-да бұл мәселе қалай шешілді?

Бүгін, 10:22

EURO-2020: Швейцария Францияны жеңіп кетті

Бүгін, 10:14

Арзан тауар сатып алмақ болып, алданып қалды

Бүгін, 10:01

Семей еліміз үшін үлкен тарихи құндылыққа ие шаһар - Даниал Ахметов

Бүгін, 09:36

Бүгін "жарылыс" болады – Өскемен

Бүгін, 09:07

Бір тәулікте 1321 адам коронавирус жұқтырған

Еще

06.06.18, 11:55

ШҚО-да менингитке шалдыққан балалар жазылып шықты

30.04.20, 09:09

ШҚО коронавирустың екінші толқынына дайындалуда

29.09.20, 10:45

COVID-19: Өткен аптада ШҚО-да қайтыс болған науқастарға қатысты мәлімет шықты

10.12.11, 18:00

Қалбатауда өнер мектебінің жаңа ғимараты ашылды

12.02.19, 05:03

Өскеменде автобус бірнеше жеңіл көлікпен соқтығысты

30.04.20, 15:00

Өскеменде 10 қабатты үйден құлаған керамогранит оқушының үстіне түскен

30.04.20, 09:32

4 мамырдан бастап кімдер жұмысқа шыға алады?

30.04.20, 06:31

ШҚО-да суға кеткен жігіттің денесі табылды

29.09.20, 07:45

Өскеменде тағы бір трамвай жаңартылды

20.12.11, 18:00

Отаныңа опасыздық жасауға болмайды

03.11.20, 15:45

ШҚО-дағы еріктілер өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмектесті

03.11.20, 10:15

ШҚО-да билеті бар 50 шақты адам ұшаққа отырғызылмады

30.04.20, 07:41

Коронавирус: тағы 68 науқас тіркелді

03.12.20, 18:23

Кезекте тұрған 20 отбасы баспаналы болды - Катонқарағай (ФОТО)

02.12.20, 11:16

Аягөз ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды (фоторепортаж)

03.07.20, 10:59

Асық технологиясын қолданатын Зайсандағы балабақша (Фоторепортаж)

16.06.20, 14:15

Арақ пен темекіден бас тартқан 60 үйлі ауыл бар – ШҚО (Фоторепортаж)

03.12.20, 18:26

Қосағаш пен Бидайықта "Электронды қызмет көрсету орталығы" ашылды - Аягөз (Фоторепортаж)

03.12.20, 17:38

Даниал Ахметов 30 отбасына пәтер кілтін табыстады (Фоторепортаж)

03.04.19, 05:59

Кеңсе менеджерінен қарағанда мүсіншінің жұмысы әлдеқайда қызықты - Мейрам Баймуханов

Бүгін, 19:00

ШҚО-да ел көрмеген биік сарқырама табылды

Бүгін, 18:51

Сәтпаев даңғылындағы жөндеу жұмыстары жалғасады

Бүгін, 18:41

28-ші ықшам ауданында шағын кент пайда болады – Өскемен

Бүгін, 18:19

Ұлан ауданының азаматтары игі істің себепкері болды

Бүгін, 17:30

Семейдің жаңа әкімі алғашқы жиында біраз сын айтып тастады

Бүгін, 17:12

Вакцинацияланған студенттер ЖОО-да оқуға жеңілдіктер алады – министр

Бүгін, 16:53

Қараусыз жайылып жүрген мал иелеріне айыппұл салынады - Полиция

Бүгін, 16:17

ШҚО – азық-түлікке көп ақша жұмсайтын үш өңірдің бірі

Бүгін, 15:54

ШҚО-да жыл басынан бері 109 өрт шықты

Бүгін, 15:02

Қазақстанда тағы бір сала мамандарына міндетті вакцина енгізілмек

Бүгін, 14:56

Өскеменде домбыра-party өтеді

Бүгін, 14:44

Қалтасында кептірілген қарасора. Өскемен тұрғыны автобус аялдамаларын тазалау жұмыстарына тартылды

Бүгін, 12:18

Қазақстанда міндетті вакциналауды енгізу қажет – Мамин

Бүгін, 12:13

Өскеменде «Жасөспірім» жедел алдын алу іс-шарасы басталды

Бүгін, 11:12

"Бейнебақылау камерасы, дабыл түймесі" ШҚО-да бұл мәселе қалай шешілді?

Бүгін, 10:22

EURO-2020: Швейцария Францияны жеңіп кетті

Бүгін, 10:14

Арзан тауар сатып алмақ болып, алданып қалды

Бүгін, 10:01

Семей еліміз үшін үлкен тарихи құндылыққа ие шаһар - Даниал Ахметов

Бүгін, 09:36

Бүгін "жарылыс" болады – Өскемен

Бүгін, 09:07

Бір тәулікте 1321 адам коронавирус жұқтырған

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: