Пандемиядан пандемияға: әлем елдеріндегі шектеу шаралары күшейтілуі мүмкін бе

Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Жаңалықтар

Пандемиядан пандемияға: әлем елдеріндегі шектеу шаралары күшейтілуі мүмкін бе

0

38

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны қайта арта түсті. Our World in Data-ның дерегіне сәйкес, бүгінде COVID-19-ға шалдыққандар саны 542 млн-нан асып отыр. Ал қайтыс болғандар саны 6,33 млн-ға жеткен. Мамандар коронавирустың қайта ушығуын жаңа BA.4 және BA.5 нұсқаларының таралуымен байланыстырады. Бұл штамдар қазірдің өзінде Еуропаның бірнеше еліне таралып үлгерді. Сонымен қоса коронавирус әлемді алаңдатып отырған жалғыз ауру емес. Дүниежүзілік денсаулық сақтау желісі маймыл шешегін де пандемия деп жариялады. Енді сарапшылар шектеу шараларының күшейтілуі мүмкін екенін айтып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Маймыл шешегі пандемия деп жарияланды 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау желісі (ДДСЖ) маймыл шешегін пандемия деп жариялады. Аталған ұйым маймыл шешегінің өршуін жаһандық маңызы бар төтенше жағдай деп таныды. Дерекке сәйкес, маймыл шешегін қазіргі уақытта 58 елде жұқтыру жағдайлары анықталып отыр. Жұқтырғандар саны 3 417-ден асқан. Ал инфекцияның таралу қарқыны апта сайын артып келеді. Осыған байланысты ДДСЖ теріс салдарды азайту үшін вирус қай жерде болса, сол жерге жедел шаралар қабылдау керек екенін атап өтті. Еске салайық, бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бейсенбіде, яғни 23 маусымда маймыл шешегінің өршуінің жаһандық қаупін бағалау үшін Төтенше комитетті шақыратыны белгілі болды. Аталған ұйымы Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус алдыңғы өршу кезеңдерімен салыстырғанда, маймыл шешегі вирусының қазіргі нұсқасы ерекше екенін, сондықтан вирусологтардың бұған ерекше назар аудару керек екенін баса айтып өтті. 

Еуропа елдері 

Еуропа мемлекеттерінде коронавирус жұқтырғандар саны қайтадан артып жатыр. Оған омикрон-штамының жаңа BA.4 және BA.5 нұсқаларының таралуы себеп болып отыр. Еуропалық аурулардың алдын алу және бақылау орталығы (ECDC) мәліметінше, Еуропа Одағына мүше елдердегі аурудың өсу тенденциясы қазір ВA.4 және BA.5 нұсқаларының басым екенін көрсетіп отыр. Бұл жұқтырғандар саны одан сайын артуы мүмкін екенін білдіреді. Our World in Data (OWID) зерттеу ұйымының дерегінше, коронавирус жұқтырғандар саны Португалия, Германия, Франция, Грекия, Аустрия, Италия, Швейцария және Испания сияқты көптеген мемлекетте артып отыр. Жаңа зерттеулер омикронның BA.4 және BA.5 жаңа нұсқалары алдыңғы нұсқаларға қарағанда өте жұқпалы екенін көрсеткен. Ғалымдардың пікірінше, бұған дейін тараған инфекциялар да, салынған вакциналар да бұл нұсқалардан қатты қорғай алмайды, сондықтан олар коронавирус штамдарының ішінде басым нұсқаларға айналады. «BA.4 және BA.5 нұсқалары ауыр сырқатқа әкеліп соқтырмауы ықтимал, бірақ алдыңғы толқындар сияқты, ауруханаға жататындар мен COVID-19-дан қайтыс болатындар санын арттыруы мүмкін», - деді ECDC. 

Португалияда BA.5 нұсқасының көп таралуы коронавирус жұқтырғандар санының айтарлықтай өсуіне әкелді. Соңғы аптада күніне орта есеппен миллион адамға шаққанда 1,332 жаңа жағдай тіркелген. Португалияда 1 896 адам ауруханаға түскен. Бұл 2022 жылғы қаңтарда омикрон алғаш тіркелген кездегідей жоғары көрсеткіш болып отыр. Португалия Ұлттық денсаулық институтының (INSA) мәліметтері бойынша, BA.5 наурыз айының соңында алғаш рет анықталған. Көп ұзамай мамыр айында елде таралған басым нұсқа болды. 5 маусымда бұл барлық тіркелген COVID жағдайларының 84%-ын құрады. 

Францияда маусымның басынан бері жаңа жағдайлар саны (миллион адамға шаққанда) үш есеге жуық өскен, ал ауруханаға жатқызылғандар саны сәуір айының басынан бері бірінші рет артқан. Santé Publique France қоғамдық денсаулық сақтау агенттігінің мәліметі бойынша, BA.5 нұсқасын жұқтырғандар саны 24%-ға дейін өсті. 

Ұлыбританияның Ұлттық статистика басқармасының (ONS) мәліметтері бойынша, ауырғандар мен ауруханаға жатқызылғандар саны күрт өсіп жатыр. Оған да BA.4 және BA.5 нұсқалары себеп болып отыр. 17 маусымда жарияланған соңғы ONS деректеріне сәйкес, COVID-19 инфекциясының саны 43%-ға өскен. 

Германияда 100 000 тұрғынға шаққандағы апта сайынғы вирус жұқтырғандар көрсеткіші 400-ден асады. Роберт Кох институты соңғы 24 сағат ішінде 119 000 жаңа жағдай тіркелген. Мамандар оған да BA.4 және BA.5 нұсқасы себеп болып отырғанын айтады. Бірақ институт басшысы орынбасарының айтуынша, қорғаныс шараларын алып тастау коронавирусқа қатысты жағдайдың нашарлауына әкеліп соғады. 

Италияда да жаңадан инфекция жұқтырғандар саны күрт өсті. Онда коронавирус жұқтырғандар саны екінші апта қатарынан артып келеді. Италияның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, вирустың таралу деңгейі қайтадан эпидемия деңгейіне жетіп отыр. 

Азия мен Таяу Шығыс елдері 

Коронавирус жұқтырғандар санының артуы тек Еуропа елдерінде ғана емес, Азия мен Таяу Шығыста да байқалып отыр. Израильде күніне 10 мыңға жуық ауру жұқтырған адам тіркеледі, бұл - сәуір айының басынан бергі ең жоғары көрсеткіш. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігінің бас директоры елде коронавирустың жаңа толқыны басталғанын мәлім етті. Үндістанда коронавирустың таралу жылдамдығы ақпан айындағы ең жоғары деңгейге дейін көтерілді, мұнда күн сайын 12 000-нан астам инфекция тіркеледі. Жапонияда екінші апта бойы 13-14 мың жаңа инфекция анықталады. Айдың басында олардың саны 20 мыңнан асқан еді. Қытай астанасы Бейжіңде COVID-19 жұқтырудың тағы 22 жағдайы анықталған. Осыдан кейін қала билігі эпидемияға қарсы шараларды күшейтуді қолға алды. Елдің Гигиена және денсаулық істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің дерегінше, соңғы 24 сағат ішінде Бейжіңде коронавирус жұқтырудың 22 жағдайы тіркелді. Сенбіден бастап Чаоян ауданындағы сегіз шағынаудан коронавирусқа тексерілді. «Эпидемиологиялық тексерудің алдын ала нәтижелері аурудың қазіргі толқыны шамамен бір апта бойы жасырын түрде таралып жатқанын көрсетті», - деді Бейжің ауруларды бақылау және алдын алу орталығы басшысының орынбасары Пан Синхо. Қала билігі мегаполис тұрғындарын қажеттілік болмаса Бейжің аумағынан шықпауға, адам көп жиналатын орындарға бармауға, COVID-19 жұқтыру қаупі орташа және жоғары аймақтарға барудан бас тартуға шақырады. 

Америка елдері 

АҚШ алтыншы апта бойы әлемде коронавирус ауруы бойынша бірінші орында тұрғанына қарамастан, соңғы күндері онда инфекцияның таралу деңгейі сәл төмендеді. Бірақ маусым айының басынан бері алғаш рет күніне тағы 100 000 адам жұқтырғаны анықталып отыр. Соңғы жеті күнде барлығы 568 мыңға жуық жаңа жағдай тіркелді, бұл алдыңғы аптамен салыстырғанда шамамен 93 мыңға аз. 

Бразилияда екінші апта бойы күніне шамамен 40 000 жаңа жағдай тіркеліп отыр. Мексикада өткен аптамен салыстырғанда инфекцияның таралу қарқыны бір жарым есе өскен. Қазір онда күніне 9 мыңға жуық тұрғынға «коронавирус» диагнозы қойылады. Жаңадан жұқтырғандар саны Колумбияда да көп тіркелді, онда вирус жұқтырғандар саны бір аптада 1,5 есе өсті. 

Қазақстан 

24 маусымдағы дерек бойынша, коронавирус инфекциясын жұқтырған 54 жағдай тіркелді. Оның ішінде, Нұр-Сұлтан қаласында - 8, Алматы қаласында - 38, Шымкент қаласында – 2, Ақмола облысында – 1, Атырау облысында - 1, Жамбыл облысында - 1, Батыс Қазақстан облысында -1, Қарағанды облысында - 1 адамнан коронавирус анықталды. Соңғы күндері Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар санының өсу динамикасы байқалуда. Мысалы, 23 маусымдағы мәлімет бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 42 жағдай тіркелсе, оның алдыңғы күні Қазақстан бойынша 32 адамнан коронавирус анықталған еді. Ал бір тәулікте 13 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласында - 4, Алматы қаласында - 6, Алматы облысында - 2, Қарағанды облысында – 1. Жалпы пандемия басталғалы елімізде коронавирустан 1 290 988 адам емделіп шықты.

Комментарии (0)

Текст сообщения*
Загрузить файл или картинкуПеретащить с помощью Drag'n'drop
Перетащите файлы
Ничего не найдено
Защита от автоматических сообщений
 
Жалпы Өзекті Комментируемое

Бүгін, 16:30

Іздеуде жүрген азамат РФ аумағынан табылды - ШҚО

Бүгін, 16:07

ШҚО-да 10 мың бала бірінші сыныпқа барады

Бүгін, 15:21

Өскемен қаласының әкімі спортшыларды құттықтады

Бүгін, 14:41

ШҚО-да жалған нөмір таққан, 2 млн теңгеден аса айыппұлы бар жүргізуші ұсталды

Бүгін, 14:32

Мектептер бес күндік оқу аптасына көшеді – ШҚО

Бүгін, 13:30

Мереке күндері ШҚО ХҚО-лары қалай жұмыс істейді?

Бүгін, 12:05

ШҚО-да бірінші сыныпқа он мыңға жуық бала барады

Бүгін, 11:31

Жас қызды зорлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды – Абай облысы

Бүгін, 10:10

Халық көп жиналатын орындарда маска киіп жүру керек - ШҚО СЭБД басшысы

Бүгін, 09:44

Бүгін түнде үсік жүруі мүмкін – ШҚО

Бүгін, 09:25

ШҚО әкімі қос ауданға жұмыс сапарымен барды

Бүгін, 09:11

ШҚО-да 28 адам коронавирус жұқтырды

17.08.22, 16:33

Өскемендіктерді Қала күнімен құттықтауға әнші Мирас Жүгінісов келеді

17.08.22, 15:29

Қазақстанда ұн бағасы бір жылда 37%-ға қымбаттаған

17.08.22, 15:02

Күн суытып, жаңбыр жауады - ШҚО

17.08.22, 14:52

Өскемен мектептері жөнделіп жатыр

17.08.22, 14:30

ШҚО-да әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары және қант қоры жеткілікті

17.08.22, 14:20

Өскемен-Алматы тас жолында автокөлік жылқымен соқтығысып қалды

17.08.22, 13:08

Белгісіз біреулер дрон арқылы колонияға тыйым салынған заттарды лақтырмақ болды - ШҚО

17.08.22, 12:25

Автокөліктің мемлекеттік нөмірін кімдер тегін ала алады

Еще

06.06.18, 11:55

ШҚО-да менингитке шалдыққан балалар жазылып шықты

29.09.20, 10:45

COVID-19: Өткен аптада ШҚО-да қайтыс болған науқастарға қатысты мәлімет шықты

30.04.20, 09:09

ШҚО коронавирустың екінші толқынына дайындалуда

10.12.11, 18:00

Қалбатауда өнер мектебінің жаңа ғимараты ашылды

12.02.19, 05:03

Өскеменде автобус бірнеше жеңіл көлікпен соқтығысты

30.04.20, 06:31

ШҚО-да суға кеткен жігіттің денесі табылды

30.04.20, 15:00

Өскеменде 10 қабатты үйден құлаған керамогранит оқушының үстіне түскен

30.04.20, 09:32

4 мамырдан бастап кімдер жұмысқа шыға алады?

03.11.20, 15:45

ШҚО-дағы еріктілер өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмектесті

20.12.11, 18:00

Отаныңа опасыздық жасауға болмайды

29.09.20, 07:45

Өскеменде тағы бір трамвай жаңартылды

03.07.20, 10:59

Асық технологиясын қолданатын Зайсандағы балабақша (Фоторепортаж)

03.11.20, 10:15

ШҚО-да билеті бар 50 шақты адам ұшаққа отырғызылмады

30.04.20, 07:41

Коронавирус: тағы 68 науқас тіркелді

02.12.20, 11:16

Аягөз ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды (фоторепортаж)

03.12.20, 18:23

Кезекте тұрған 20 отбасы баспаналы болды - Катонқарағай (ФОТО)

16.06.20, 14:15

Арақ пен темекіден бас тартқан 60 үйлі ауыл бар – ШҚО (Фоторепортаж)

03.12.20, 18:26

Қосағаш пен Бидайықта "Электронды қызмет көрсету орталығы" ашылды - Аягөз (Фоторепортаж)

03.12.20, 17:38

Даниал Ахметов 30 отбасына пәтер кілтін табыстады (Фоторепортаж)

03.04.19, 05:59

Кеңсе менеджерінен қарағанда мүсіншінің жұмысы әлдеқайда қызықты - Мейрам Баймуханов

Бүгін, 16:30

Іздеуде жүрген азамат РФ аумағынан табылды - ШҚО

Бүгін, 16:07

ШҚО-да 10 мың бала бірінші сыныпқа барады

Бүгін, 15:21

Өскемен қаласының әкімі спортшыларды құттықтады

Бүгін, 14:41

ШҚО-да жалған нөмір таққан, 2 млн теңгеден аса айыппұлы бар жүргізуші ұсталды

Бүгін, 14:32

Мектептер бес күндік оқу аптасына көшеді – ШҚО

Бүгін, 13:30

Мереке күндері ШҚО ХҚО-лары қалай жұмыс істейді?

Бүгін, 12:05

ШҚО-да бірінші сыныпқа он мыңға жуық бала барады

Бүгін, 11:31

Жас қызды зорлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды – Абай облысы

Бүгін, 10:10

Халық көп жиналатын орындарда маска киіп жүру керек - ШҚО СЭБД басшысы

Бүгін, 09:44

Бүгін түнде үсік жүруі мүмкін – ШҚО

Бүгін, 09:25

ШҚО әкімі қос ауданға жұмыс сапарымен барды

Бүгін, 09:11

ШҚО-да 28 адам коронавирус жұқтырды

17.08.22, 16:33

Өскемендіктерді Қала күнімен құттықтауға әнші Мирас Жүгінісов келеді

17.08.22, 15:29

Қазақстанда ұн бағасы бір жылда 37%-ға қымбаттаған

17.08.22, 15:02

Күн суытып, жаңбыр жауады - ШҚО

17.08.22, 14:52

Өскемен мектептері жөнделіп жатыр

17.08.22, 14:30

ШҚО-да әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары және қант қоры жеткілікті

17.08.22, 14:20

Өскемен-Алматы тас жолында автокөлік жылқымен соқтығысып қалды

17.08.22, 13:08

Белгісіз біреулер дрон арқылы колонияға тыйым салынған заттарды лақтырмақ болды - ШҚО

17.08.22, 12:25

Автокөліктің мемлекеттік нөмірін кімдер тегін ала алады

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: