ПИК-ке берілген ғимараттар әкімдікке қайтарылды – Өскемен
28.01.2022 | 08.45
0
171
Бірнеше жыл бұрын Өскемен қалалық әкімдігіне тиесілі 20-ға жуық ғимарат ПИК-ке берілген екен. Сол ғимараттарды қайтарып алу туралы шешім қабылданып отыр. Енді оларды тұрғындардың пайдасына жаратпақ, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар мәлімдеді.
- Қала әкімдігінің маңызды функцияларының бірі – мемлекеттік мүлікті тиімді пайдалану. Бірнеше жыл бұрын әкімдікке тиесілі 20-ға жуық ғимарат ПИК-ке берілген болатын. ПИК – мемлекеттік мекеме емес, сондықтан жұмыс орнын өздері қамтамасыз етуге тиіс екенін айта кеткен жөн. Қазір біз осы ғимараттарды қалай тиімді пайдалануға болатынына қатысты шешімдерді қарастырудамыз, - дейді қала басшысы.
Айтуынша, қазір ғимараттарда спорттық секциялар мен балалардың бос уақытын өткізуге арналған орындар ұйымдастыру секілді ұсыныстар бар екен. Бірнеше ғимарат тұруға лайықты пәтерлер екен. Сондықтан олар халықтың әлеуметтік осал тобындағы кезекте тұрған адамдарға берілуі мүмкін.
Шаһар басшысы осы жағдайға қатысты жұртшылықтың пікірін білгісі келеді.
Жақсылық Омардың әлеуметтік желідегі ресми парақшасында тұрғындарға арналған сауалнама жарияланды.
- Сіздердің ойларыңыз бойынша, аталған ғимараттарды қалай тиімдірек пайдаланған дұрыс? – деген сауал жолдап отыр қала әкімі.
Ұсыныстарың болса, өз ойларыңызбен бөлісе отырыңыздар.
Комментарии (0)