Полиция қызметі жұмыстың "сервистік моделіне" көшті
25.11.2021 | 19.03
0
77
Елімізде полиция қызметі жұмыстың "сервистік моделіне" көшті. Ол бірінші кезекте адамдардың қажеттіліктеріне жедел ден қою, қиын жағдайда азаматтарға көмек көрсетуге бағытталған. Ішкі істер органдары қызметін бағалаудың негізгі параметрі "қоғамның полицияға деген сенім деңгейі" болып белгіленді.
Полицияның сервистік моделін дамытудағы үш вектор:
- "Қадамдық қолжетімділік" - оған халықпен тығыз өзара іс-қимыл арқылы қол жеткізіледі;
- "Құқық бұзушылықтардың алдын алу" - бұл жерде алдын алу шараларын уақтылы қабылдау қажет;
- "Халықпен тығыз серіктестік" - жергілікті қоғамдастықпен тиімді өзара іс-қимыл жасау қажет.
Айта кетсек, Шығыс Қазақстан облысы бойынша 8 модульдік полиция бекеті бар. Оның ішінде 6 бекет Өскемен қаласында орналасқан, Семей қаласында – 2. Сондай-ақ, жыл соңына дейін Өскеменде тағы екі бекет ашу жоспарда бар. Жаңа модульдік полиция бекетінің бірі – Өтепов көшесі бойындағы «Достық» дүкені жанынан ашылады, екіншісі – Прохладный ауданынындағы «Самал» шағын маркентінің жанында.
- «Полиция жұмысының басты принципі құқық бұзушылықты анықтау ғана емес, оның жолын кесу, кез-келген уақытта халыққа көмек көрсетуге дайын болу, тұрғындармен сенімді қатынас орнату -, дейді ШҚО ПД ЖПҚБ ерекше тапсырмалар бойынша аға инспекторы, полиция майоры Данияр Мурымбаев.
Комментарии (0)