ҚР Премьер-Министрі Өскемендегі Тәуелсіздік монументінің ашылуына қатысты
11.12.2021 | 13.27
0
48
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барып, Тәуелсіздік монументінің ашылуына және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Монументтің биіктігі – 15,7 м, диаметрі – 10,9 м. Төбесінде Қазақ хандығының негізін қалаушылар – Керей мен Жәнібектің мүсіндері, төменгі бөлігінде Қазақстанның даму тарихы бейнеленген барельеф орнатылған. Монументтің орталық бөлігінде үш жоғарғы бидің – Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би мүсіндері орналасқан, сондай-ақ ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздіктің туын қолда берік ұстау – Қазақстанды өз Отаным деп санайтын әр адамның ең басты борышы, ең биік мақсаты» деген дәйексөзі үш тілде жазылған. Сондай-ақ Тәуелсіздік монументінің ашылу салтанатына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, филология ғылымдарының докторы, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің профессоры Арап Еспенбетов, жазушы Әлібек Қаңтарбаев және жеңіл атлетикадан олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова, өңір жұртшылығы қатысты.
Комментарии (0)