«Алакөл, рақмет!» - Қайрат Нұртас шығысты тағы шу еткізді
25.07.2021 | 15.50
0
192
Белгілі әнші Қайрат Нұртас өзінің Instagram-парақшасында концерттен видео жариялап, «Алакөл, рақмет!» деген жазба қалдырды. Осы видеоға қатысты Үржар ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тексеру жүргізіпті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Алакөлдегі адам толған стадионда өткен концертке қатысты әлеуметтік желі қолданушылары өз наразылықтарын білдіруде. Себебі қазір коронавирус инфекциясы қайта өрши бастағаны белгілі. Ал видеодан көріп тұрғанымыздай, халық маска да тақпаған, арақашықтық та сақтамаған.
Естеріңізге сала кетсек, осы жылдың наурыз айында Қайрат Нұртас Семейдегі мейрамханаларының бірінде тойда ән айтып, оның видеосы әлеуметтік желіде таралып кеткен еді. Сол кезде де Семей қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тексеру жүргізген болатын.
ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық департаменті Алакөлдегі концертке қатысты мынандай ресм жауап беріп отыр:
- "Үржар ауданы әкімдігінің мониторинг топтарынан Alazone arena концерттік аренасының қызметіндегі ережебұзушылықтар, сондай-ақ Алакөл көлінің жағалауындағы демалушылардан шағымдар мен арыздар түскен жоқ".
Комментарии (0)