Референдум: Шәкәрім университетінің профессоры халықты белсенді дауыс беруге шақырды
19.05.2022 | 15.38
0
64
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 5 маусым күні конституциялық өзгерістер бойынша жалпыұлттық референдум өтетінін жариялаған болатын. Шәкәрім университетінің профессоры Мұхтарбек Каримов алдағы респблика бойынша өтетін жалпыұлттық референдум туралы өз пікірін білдірді.
- Бүгін бүкіл жұртшылық асыға күткен Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауын Шәкәрім университетінің ұстаздары, қызметкерлері және студентері жиналып, зор ынтамен тыңдадық. Президент 16 наурызда арнайы Жолдаумен халыққа шығады екен дегенді естіген күннен бастап, қоғамда болуға тиіс түбегейлі өзгерістерді аңсап жүрген жерлестеріміздің, оның ішінде біздің ұжымның да бүгінгі Жолдауды үлкен түсіністікпен және үмітпен қарсы алғандарының куәсі болдық. Президенттің сөзінде кешегі өткен қаңтар оқиғалары тиісті бағасын алды. Сонымен қатар, Президент еліміздің алдағы дамуына негіз болатын қоғамдағы саяси өзгерістердің, оның ішінде саяси жүйенің трансформациялануының негізгі бағыттарын айқындады. Азаматтарды елді басқаруға тартудың жолдары көрсетілді. Билік салаларының тәуелсіздігі және тепе-теңдігі мәселелері де назардан тыс қалмады. Сайлау жүйесін жетілдіру және оның бүгінге дейін болған кейбір кемшіліктері қоғамда бұрыннан айтылып келе жатқан мәселенің бірі еді. Енді міне бұған да тыңғылықты жауап алып отырмыз. Әділ өтетін сайлаулар, билік жүйесінің ауыспалылығы – қашанда демократиялық қоғамның орнығуы мен ертеңгі дамыған қуатты елдің қалыптасуының кепілі екендігі белгілі. Ақпан айының ішінде болар, Президент өзінің бір сөйлеген сөзінде Германиядағы заңды негізге алатын, үлкен мәдениет деңгейінде өтетін сайлау жүйесі туралы айтқан еді. Мен сонда, бұл кісінің біздің елде де шынайы демократияның орнығуын ойлайтынын түсіндім. Жолдауда ұсынылған, ел көптен күткен әкімшілік-территориялық құрылымдық өзгерістер аймақтардың дамуына және халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына серпін беретін өзгерістер болмақ. Енді осы айтылғандардың іске асуы үшін халқымыздың ынтымағы мен берекесі, азаматтардың адал еңбегі мен белсенділіктері қажет, - деді Мұхтарбек Каримов.
Комментарии (0)