Рейдтер жалғасуда – ШҚО
05.12.2020 | 18.00
0
365
ШҚО-да эпидемияға қарсы нормалар мен ережелердің сақталуын бақылау бойынша рейдтік шаралар жалғасуда, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Мониторинг барысында нысандарда қызметкерлердің маскалар мен резеңке қолғаптарды, дезинфекциялық заттарды пайдалануы, ғимаратты дезинфекциялау режимі мен әлеуметтік қашықтықты ұстану секілді нормалардың орындалуы бойынша бақылау жүргізіледі.
Облыс орталығында 4 желтоқсанда мониторингтік шаралар барысында 533 нысан қамтылып, шектеу режимін бұзудың 17 фактісі тіркелді. Сонымен қатар, "Продукты","Амина","Марс" дүкендерінде бұрын анықталған бұзушылықтар бойынша айыпұлдар салынды. Жоғарыда анықталған заң бұзушылыққа салынған айыппұлдың жалпы сомасы 125 010 теңгені құрайды.
Семей қаласында бұрын анықталған 5 факті бойынша айыппұл салынды: 2 айыппұл тыйым салынған уақытта қызмет көрсеткен «Тамыр» сауда үйі мен «5 звезд» моншасының иелеріне, 3 айыппұл «Алтын ғасыр» мейрамханасында өткізілген отбасылық іс-шараға (құдалық) қатысқан тұрғындарға. Айыппұлдың жалпы сомасы - 638 940 теңге.
Күршім ауданында маскалық режимді бұзған Оразбаева Л. Есімді азаматша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Курчатов қаласында 6 кәсіпкерлік қызмет объектісіне тексеру жүргізіліп, бұзушылықтар анықталмады. Бұрын тіркелген санитарлық нормалар мен талаптарды бұзғаны үшін «Нұрсұлу» дүкенінің қызметкері Г. Букешова әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Үржар ауданының Егінсу ауылында шеутек режимін бұзудың 1 фактісі тіркелді. Ауыл тұрғынына үйінде мереке өткізгені үшін 41 670 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Аягөз ауданында С.Берік есімді азаматтың да үйінде туған күн тойлатқаны белгілі болып, әкімшілік жауапкершіліке тартылды.
Шемонаиха ауданында 68 нысан тексеріліп, 2 бұзушылық анықталды -қоғамдық орында маскасыз жүру. Жеке тұлғалар А. Бучинге, В.Черногороваға 83 341 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Зайсан ауданында рейд барысында 35 нысан қамтылып, 1 хаттама толтырылды. Одан бөлек, бұрын анықталған бұзушылық бойынша «CentralMarket» сауда үйіндегі №6 бутиктің иесі Үмітбек Ұлпан ЖК мейрам күні жұмыс істегені үшін 319 470 теңге айыппұл салынды.
Риддер қаласында 5 рейд өтіп, 75 нысан қамтылды, ереже бұзу фактілері тіркелмеді. Бұрын өткен рейдтер бойынша 41 670 теңге көлемінде 1 айыппұл салынды ( «Березка» дүкенінде келушілерге қолғапсыз қызмет көрсетілген).
Комментарии (0)