Риддер ЖЭО-ға министрліктен комиссия келеді
26.05.2022 | 17.14
0
72
ШҚО-да әкімдіктің отырысы өтіп, қала және аудан әкімдерімен бірнеше мәселе талқыланды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Олардың ішіндегі ең маңыздысы - жылыту маусымына дайындық. Облыс әкімі Даниал Ахметов өткен жылдағыдай көмір жеткізудегі олқылықтардың алдын алу үшін мен энергетика және ТҮКШ басқармасына "ҚТЖ" ҰК "АҚ және "Қаражыра" АҚ-мен бірлесіп, әр ай бойынша нақты деректермен тиеу кестесін әзірлеуді тапсырды.
- Биыл бізге 4 271 мың тонна көлемінде қор қажет, бұл өткен жылмен салыстырғанда 400 мың тоннаға артық. 10 ЖЭО, 4 ГЭС, 520 қазандық, барлық әлеуметтік объектілер мен тұрғын үйлер дайын болуы тиіс. Сондай-ақ, қосымша тағы төрт жөнелту нүктесін ашамыз, - дейді әкім.
Одан бөлек, аймақ басшысы Риддер ЖЭО-ға жақын күндері оған бейінді министрліктен комиссия келетінін айтты. Басшылық жөндеуге бес миллиард теңге қажет екенін мәлімдеген, бірақ мұндай шығындардың құжаттық негіздемесін ұсынбаған екен.
Комментарии (0)