«Риддер ЖЭО» АҚ қызметкерлері жаппай жұмыстан шығарылды деген рас па?
26.11.2021 | 13.50
0
39
Әлеуметтік желілерде, сондай-ақ "WhatsApp" мессенджерінде «Риддер ЖЭО» АҚ қызметкерлері жаппай жұмыстан шығарылып жатыр деген ақпарат тарап кетті. Осыған қатысты Риддер қаласының әкімі Дмитрий Горьковой мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Қала басшысының айтуынша, қазір "ЖЭО" АҚ кәсіпорнындағы жағдай тұрақты. Қызметкерлерді жаппай жұмыстан шығарып жатыр деген ақпарат шындыққа жанаспайды екен. Бүгінгі таңда мұнда ШҚО еңбекті қорғау басқармасымен тексеру жүргізілуде.
- Қызметкерлерді жаппай жұмыстан шығару жоқ. ШҚО еңбекті қорғау басқармасымен тексеру жүргізілуде. Сондай-ақ, бұл өтініш Энергоқадағалау департаментінде орналасқан, - деп жазды қала әкімі өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.
Кәсіпорында барлық жабдық жарамды күйде және штаттық режимде жұмыс істейді. Көмір белгіленген кестеге сәйкес жеткізіледі.
Қала әкімі тұрғындардан арандатушылыққа бой алдырмауды және жалған ақпаратқа сенбеуді сұрайды.
Комментарии (0)