Риддерде бір ай бұрын көлік қағып кеткен 10 жастағы бала көз жұмды
03.12.2021 | 11.20
0
57
Риддерде қоқыс тастауға шыққанда көлік қағып кеткен 10 жастағы бала көз жұмды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Оқиға 7 қараша күні Айдарханов көшесінде болған. 10 жастағы Никита үйінен қоқыс тастауға шыққан көрінеді. Алайда, оны қоқыс контейнерлерінің жанында жас жігіттің басқаруымен келе жатқан жол талғамайтын көлік қағып кеткен.
- «Mitsubishi» маркалы көлігін тізгіндеген жас жігіт көлік рөліне ие бола алмай қалған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Зардап шеккен жеткіншек бірден қалалық ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлерге тапсырылған болатын.
Медициналық мекемеге бірнеше рет облыс орталығынан, республиканың жетекші клиникаларынан арнайы мамандар келіп, баланың жағдайы өте ауыр екенін, мамандандырылған бөлімге тасымалдауға болмайтынын айтқан еді.
Бірақ, өкінішке орай, Никита бүгін түнде көз жұмды.
Комментарии (0)