Риддерде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті
26.11.2021 | 18.37
0
50
25 қарашада Риддер қаласында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі жұмыс берушілердің қатысуымен "NurOtan" партиясының ғимаратында өткізілді.
Шараға 15 жұмыс беруші қатысып, өз кәсіпорындары бойынша 126 бос жұмыс орнын ұсынып отыр. Сондай-ақ, жәрмеңкеге 32 жұмыс іздеуші келді, оның ішінде 16 адам жұмыс берушілермен сұхбаттасуға шақырылды.
Айта кетсек, Риддер қаласы бойынша барлық бос жұмыс орындарымен "Риддер қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ-де немесе enbek.kz порталында танысуға болады.
Комментарии (0)