Риддерде бюджеттік сала қызметкерлері диктантпен сауаттарын сынады
27.11.2021 | 11.27
0
87
Риддерде 2020-2021 оқу жылына арналған жұмыс жоспары негізінде «Мелекеттік тіл – менің тілім» атты дәстүрлі онкүндігі ұйымдастырылды. Онкүндік аясында 26 қарашада «Тұңғыш Президент» атты қалалық диктант жазу сайысы өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Диктант жазу сайысын «Тілдерді оқыту орталығы» КММ еліміздегі тіл саясатын іске асыру жөніндегі 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, сондай-ақ, «Ұлы Дала Елі» мәдени-әлеуметтік мемлекеттік жобасын және Елбасының «Болашаққа бағдар – Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырып отыр.
Диктантқа бюджеттік сала қызметкерлері қатысты. 17 адам диктант жазып, өзін-өзі тексеру жұмыстарын жүргізді.
Қазылар алқасы жұмыстарды бағалау кезінде орфография нормаларының, диктант жазу барысында каллиграфиялық, пунктуациялық заңдылықтардың сақталуы, мәтіндегі сөздерді өзгертпей жазу секілді тұстарды назарға алды.
Ұпайлардың жиынтықталуы арқылы Бас жүлде Ақкенже Сүлейменқызына бұйырды. Марапаттау салтанаты қала әкімінің қатысуымен 10 желтоқсанда өтеді. Жеңімпаз бағалы сыйлықпен және мадақтама қағазымен марапатталады.
Комментарии (0)