Риддерде денсаулық сақтау жүйесі тақырыбында іс-шара өтті
06.10.2021 | 09.00
0
40
Риддердегі №1 кітапхана бөлімшесінде Президент Қ. Ж. Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы бойынша «Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру» тақырыбында өзекті әңгіме өтті.
Іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев жүйелі вакцинацияға көшу үшін барлық денсаулық сақтау жүйесін дайындау қажеттігі туралы мәселе көтергені және көптеген медициналық зертханалар халықаралық стандарттарға сәйкес келмейтіні жайлы сөз қозғалды. Президент медицина саласы қомақты қаржыландыруды қажет ететінін айтып отыр.
Қатысушылар Б.Сарсембаевтың «Рудный Алтай» газетінде жарияланған «Лёгкое дыхание», «Казахстанская правда» газетінде басылып шыққан К.Денисовтың «Выздороветь - полдела» және А. Чеботарёвтың «С учетом тенденций» мақалаларымен, сондай-ақ, тағы да басқа мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған мақалалармен танысты.
Комментарии (0)