Риддерде кәсіпорын аумағында өрт болды
19.05.2022 | 09.24
0
33
Қала тұрғындары 17 мамыр күні түстен кейін сирена дыбысын естігендерін айтты. Дәл сол сәтте комбинат ауданы жақтан көтерілген түтін олардың одан сайын әбігерге салған көрінеді.
Жағдайдың мән-жайы анықталды.
– «Қазмырыш» ЖШС Риддер металлургиялық кешенінің аумағында жабдықтардың бірі апатты жағдайда тоқтап қалған. Осының кесірінен өрт шықты. Алайда өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері дереу іске кірісіп, өрттің таралуына жол бермеді. Аз уақыт ішінде жалын сөнді. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ, – деп хабарлады Риддер ТЖБ.
Комментарии (0)