Риддерде стационары бар көпсалалы аурухана салынады
06.12.2021 | 10.00
0
44
Риддерде стационары бар көпсалалы аурухана салынады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– 2022 жылы 140 төсектік стационары және бір ауысымда 500 науқасты қабылдайтын емханасы бар көп бейінді аурухана кешенінің құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз, – деп мәлімдеді қала әкімдігі.
Шаһар басшылығы аурухана салынған кезде кадр тапшылығы болмас үшін түрлі іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр. Мәселен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылып, медициналық ЖОО сайттарында және бірыңғай электрондық еңбек биржасында жас дәрігерлерге көрсетілетін әлеуметтік қолдау туралы роликтер жарияланады.
– Риддер қалалық ауруханасының қаражаты есебінен жас мамандар үш жақты келісімшарт жасасу арқылы сұранысқа ие мамандықтар бойынша резидентурада оқи алады. Сондай-ақ жұмысқа орналасатын дәрігерлерге әкімдіктен жалға тұрғын үй және «Қазмырыш» ЖШС-дан миллион теңге көлемінде көтерме ақы беріледі, – деді Риддер әкімдігі.
Комментарии (0)