Риддерде жәрмеңке болды
11.12.2021 | 10.33
0
31
Риддерде ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қала әкімінің айтуынша, жәрмеңке әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында өткізіледі.
Жәрмеңкеге негізінен жергілікті кәсіпкерлер өнім әкелген. Сиыр етінің келісі 2100-2300 теңгеден, шошқа еті 1100-2000 теңгеден сатылды.
Сондай-ақ Глубокое ауданының Степное ауылынан жәрмеңкеге арнайы келген шаруалар сүт өнімдерін саудалады.
Комментарии (0)