Риддерлік тұрғын ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін
05.11.2021 | 09.40
0
57
Профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру, сондай-ақ есепте тұрған қолайсыз отбасыларды бақылау мақсатында Риддер қаласының полиция қызметкерлері тұрақты негізде рейдтік іс-шараларды жүзеге асырды, деп хабарлайды Алтайнбюс тілшісі.
1 қараша күні түскі уақытта 3 жасар ұлымен бірге тұратын 41 жастағы қала тұрғының үйі тексерілді.
Бұл отбасы Риддер қалалық ПБ - да «қолайсыз отбасы» ретінде есепте тұрғаны анықталды.
- Полиция қызметкерлері олардың үйін, тұрмыстық жағдайларын тексерді. Алайда, тексеріс барысында әйел мас күйінде болды. Сондай-ақ үй суық, шашылып жатыр, кішкентай баланың қарны аш, сонымен қоса үсті-басы кір болған. Үйде баланың қолайлы өмір сүруі үшін жарық, су және басқа да қажетті жағдайлар мүлдем жоқ болып шықты, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Аталған жағдайды ескере отырып, бала қалалық балалар ауруханасына жатқызылды, одан әрі кәмелетке толмағандарды қолдау орталығына ауыстыру жоспарланып отыр.
Тәртіп сақшылары анаға қатысты, ата-ана құқығынан айыру туралы өтінішпен, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға материал дайындады.
Комментарии (0)