Өрт қауіпсіздігін сақтағанда неге мән берген жөн?
26.04.2022 | 12.38
0
82
Раджан Бекболатов,
Ұлан ауданы
Сауалға облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Нұржан Өміржанов жауап береді:
– Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 336-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Атап айтқанда, 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Айта кетейік, енді талаптар күшейтілді. Егер бұрын қоқысты өртеу және өрт қауіпсіздігі ережелерін бұза отырып от жағу фактісі анықталса, заңнамаға сәйкес ескерту жасалатын. Қазір айтарлықтай үлкен сомаға айыппұл қарастырылған және бірден салынады. Сондай-ақ, ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 410-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.Бұдан бөлек, Қылмыстық кодексінің 204-бабы бойынша отпен немесе өзге де аса қауіпті көздермен абайсызда жұмыс істеу жолымен жасалған не ауыр зардаптарға әкеп соққан жағдай немесе аса ірі залал келтірілген бөтен мүлікті абайсызда жою немесе бүлдіру үшін – екі мың АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не түзеу жұмыстарына жазалану қарастырылған.
Комментарии (0)