Үржар ауданында балықшы суға кетіп қалды
08.11.2021 | 09.37
0
63
Үржар ауданындағы Сасықкөл көлінде 1998 жылы туған балықшының денесі табылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
4 қараша күні сағат 22:00 шамасында ер адам қайықпен балық аулауға шығып, қайтып оралмаған. Құтқарушылар мен полиция қызметкерлерінің қатысуымен іздестіру жұмыстары түн ортасына дейін жалғасты. Алайда, өкінішке орай, одан еш нәтиже шықпаған.
5 қарашада оқиға орнына іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін Үржар ауылының 17-ӨСБ жеке құрамының 5 адамы ГАЗ-66 КУНГ автокөлігімен келді.
Ал, 6 қараша күні облыс орталығынан су астына батыруға арналған арнайы жабдығы және "Пегас" кемесімен құтқарушы-сүңгуірлер жіберілді. Сол күні ТЖ қызметкерлері және іздестіру жұмыстарына қатысатын жергілікті тұрғындар жағалаудан бір шақырым қашықтықта балықшы қайығынан пластмасса бензин багын тапты.
- Құтқарушылардың, жергілікті атқарушы органдар мен халықтың қатысуымен 7 қарашада суда 1998 жылы туған ер адамның мәйіті табылды, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Комментарии (0)