Сақ қорымдарынан табылған қазыналар Ұлыбритания музейіне қойылады – әлемдік БАҚ

Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Басты жаңалықтар

Сақ қорымдарынан табылған қазыналар Ұлыбритания музейіне қойылады – әлемдік БАҚ

0

28

28 қыркүйектен бастап Сақ қорымдарынан табылған қазыналар Ұлыбритания музейінде көрсетіледі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысындағы ежелгі сақ қорымдарынан табылған 300 алтын артефакт алғаш рет Ұлыбританияның Кембридждегі Фицуильям музейіне қойылады. Бұл туралы Би-Би-Си және жетекші британдық сайттар хабарлады.

– Шамамен 2700 жыл бұрын жерленген ежелгі жауынгерлерге тиесілі алтын артефактілер алғаш рет Ұлыбританияда көрсетілді. Шығыс Қазақстан облысындағы Сақ қорымдарынан алынған қазыналар Кембридждегі Фицуильям музейіне қойылады. Онда зергерлік бұйымдар мен ат әбзелдері және басқа да заттар ұсынылады. Зерттеушілер оларды инвазивті емес технологияларды қолдана отырып зерттейді, – деп хабарлайды BBC News.

««Ұлы дала алтыны» көрмесі Шығыс Қазақстандағы үш жерлеу кешенінің материалдарына негізделеді. Жақында ғана Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы сақтардың ежелгі қорымдарынан табылған жүздеген көрнекті алтын артефакт алғаш рет көрсетіледі. Мұны Кембридж музейі әлемдік аренада «археологиялық сенсация» деп атаған болатын», - деп хабарлады The Guardian газеті.

Беделді басылымдардың бірі – The Times көпшіліктің көңілін аударатын элемент – жас садақшының жерленген қорымы болатынын және үш сақ қорымынынан табылған қазыналар 28 қыркүйектен бастап көпшілік назарына ұсынылатынын айтады.

«Көрмеге келушілер көлемі Батыс Еуропамен тең елдің бай тарихымен танысып, терең түсіне алатын болады», - деп жазды «Таймс».

Күнделікті шығатын Daily Mail газеті көрмеде 300-ден астам артефакт ұсынылатынын және олардың кейбіреулері мыңдаған ұсақ бөлшектерден тұратынын айтқан. Басылымның мәліметінше, Берел, Шілікті және Елеке Сазы қорымдарынан 15 мыңнан астам алтын әшекейлер мен басқа да құнды тарихи заттар табылған.

«Гардиан» басылымы 18 жастан аспаған сақ жауынгері қайтыс болғанда қасына жасы кіші, жынысы әйел туысымен бірге жерленгенін жазды. Басылымының жазуынша, қаланған тас құлап, басып қалғандықтан 2500 жыл бұрын жерленген 18 жастағы бозбаланың қорымы ешкімнің көзіне түспеген. Сол себепті тоналмай аман қалған.

Кембридж университетінің Өнер және ежелгі музей деректері бойынша, бұл сақтардың Қазақстанда табылған екінші қорымы ғана. Фицуильям музейінің директоры артефактілерді «өте маңызды» деп сипаттады.

«Біз сақтардың ерекше мәдениетін көрсету мүмкіндігін асыға күтіп жүрміз және Шығыс Қазақстан облысымен серіктесе жұмыс істегенімізге қуаныштымыз. Онсыз мұндай ағартушылық көрмені ұйымдастыру мүмкін емес еді», - деді басылымдарға сұхбат берген Люк Сайсон.

Сондай-ақ, «Гардиан» басылымы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің сөзіне сілтеме жасап, көрмеде бұдан бөлек Қазақстанда соңғы жылдары ашылған ең керемет археологиялық жаңалықтар көрсетілетінін мәлімдеді.

Комментарии (0)

Текст сообщения*
Загрузить файл или картинкуПеретащить с помощью Drag'n'drop
Перетащите файлы
Ничего не найдено
Защита от автоматических сообщений
 
Жалпы Өзекті Комментируемое

Бүгін, 10:27

ШҚО тумасы, белгілі спорт комментаторы Амангелді Сейітхан дүниеден озды

Бүгін, 10:14

Шығыста бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін, 10:10

Зайсандағы 60 пәтерлі тұрғын үй жыл соңына дейін пайдалануға беріледі

Бүгін, 09:49

Шомылу маусымында 34 адам суға кетті – ШҚО

Бүгін, 09:16

Қазақстанда COVID-19 жұқтыру бойынша көрсеткіш төмендей бастады

16.08.21, 17:09

Өскеменде екі бірдей жер үй өртенді

16.08.21, 17:08

Өскеменде жеңіл көлік аялдамаға соғылды

16.08.21, 16:25

Қыркүйектен бастап ЖОО оқытушыларының жалақысы көбейеді

16.08.21, 16:01

Күн қайта жылиды - синоптиктер үш күнге болжам жасады

16.08.21, 15:47

ШҚО-да порнографиялық бейнероликтері бар 70 заңсыз сайт анықталды

16.08.21, 15:43

Мүлік және жер салығы 1 қазанға дейін төленуі керек

16.08.21, 14:58

Семейде жол апатынан бір жастағы бала көз жұмды

16.08.21, 14:13

Covid-19: науқастар саны бойынша Семей алда тұр

16.08.21, 14:00

«Бірқабатты Шығыс» бағдарламасымен Өскеменде 180 үй салынып жатыр

16.08.21, 12:31

40 туристі «Қоңыр әулиеге» алып бара жатқан автобус батпаққа батып қалды

16.08.21, 12:21

Үйінің ауласында тұрған көлікті ұрлап кеткен – Глубокое

16.08.21, 11:46

ШҚО-да тағы дауылды ескерту жарияланды

16.08.21, 11:13

Доллар қайта қымбаттай бастады

16.08.21, 11:05

Жолаушылар тасымалымен айналысқан әйел бас бостандығынан айырылды - ШҚО

16.08.21, 10:45

Аягөзде 86 жастағы қария вакцина салдырды

Еще

06.06.18, 11:55

ШҚО-да менингитке шалдыққан балалар жазылып шықты

30.04.20, 09:09

ШҚО коронавирустың екінші толқынына дайындалуда

29.09.20, 10:45

COVID-19: Өткен аптада ШҚО-да қайтыс болған науқастарға қатысты мәлімет шықты

12.02.19, 05:03

Өскеменде автобус бірнеше жеңіл көлікпен соқтығысты

10.12.11, 18:00

Қалбатауда өнер мектебінің жаңа ғимараты ашылды

30.04.20, 15:00

Өскеменде 10 қабатты үйден құлаған керамогранит оқушының үстіне түскен

30.04.20, 09:32

4 мамырдан бастап кімдер жұмысқа шыға алады?

30.04.20, 06:31

ШҚО-да суға кеткен жігіттің денесі табылды

29.09.20, 07:45

Өскеменде тағы бір трамвай жаңартылды

03.11.20, 15:45

ШҚО-дағы еріктілер өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмектесті

20.12.11, 18:00

Отаныңа опасыздық жасауға болмайды

03.11.20, 10:15

ШҚО-да билеті бар 50 шақты адам ұшаққа отырғызылмады

30.04.20, 07:41

Коронавирус: тағы 68 науқас тіркелді

03.12.20, 18:23

Кезекте тұрған 20 отбасы баспаналы болды - Катонқарағай (ФОТО)

02.12.20, 11:16

Аягөз ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды (фоторепортаж)

03.07.20, 10:59

Асық технологиясын қолданатын Зайсандағы балабақша (Фоторепортаж)

16.06.20, 14:15

Арақ пен темекіден бас тартқан 60 үйлі ауыл бар – ШҚО (Фоторепортаж)

03.12.20, 18:26

Қосағаш пен Бидайықта "Электронды қызмет көрсету орталығы" ашылды - Аягөз (Фоторепортаж)

03.12.20, 17:38

Даниал Ахметов 30 отбасына пәтер кілтін табыстады (Фоторепортаж)

03.04.19, 05:59

Кеңсе менеджерінен қарағанда мүсіншінің жұмысы әлдеқайда қызықты - Мейрам Баймуханов

Бүгін, 10:27

ШҚО тумасы, белгілі спорт комментаторы Амангелді Сейітхан дүниеден озды

Бүгін, 10:14

Шығыста бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін, 10:10

Зайсандағы 60 пәтерлі тұрғын үй жыл соңына дейін пайдалануға беріледі

Бүгін, 09:49

Шомылу маусымында 34 адам суға кетті – ШҚО

Бүгін, 09:16

Қазақстанда COVID-19 жұқтыру бойынша көрсеткіш төмендей бастады

16.08.21, 17:09

Өскеменде екі бірдей жер үй өртенді

16.08.21, 17:08

Өскеменде жеңіл көлік аялдамаға соғылды

16.08.21, 16:25

Қыркүйектен бастап ЖОО оқытушыларының жалақысы көбейеді

16.08.21, 16:01

Күн қайта жылиды - синоптиктер үш күнге болжам жасады

16.08.21, 15:47

ШҚО-да порнографиялық бейнероликтері бар 70 заңсыз сайт анықталды

16.08.21, 15:43

Мүлік және жер салығы 1 қазанға дейін төленуі керек

16.08.21, 14:58

Семейде жол апатынан бір жастағы бала көз жұмды

16.08.21, 14:13

Covid-19: науқастар саны бойынша Семей алда тұр

16.08.21, 14:00

«Бірқабатты Шығыс» бағдарламасымен Өскеменде 180 үй салынып жатыр

16.08.21, 12:31

40 туристі «Қоңыр әулиеге» алып бара жатқан автобус батпаққа батып қалды

16.08.21, 12:21

Үйінің ауласында тұрған көлікті ұрлап кеткен – Глубокое

16.08.21, 11:46

ШҚО-да тағы дауылды ескерту жарияланды

16.08.21, 11:13

Доллар қайта қымбаттай бастады

16.08.21, 11:05

Жолаушылар тасымалымен айналысқан әйел бас бостандығынан айырылды - ШҚО

16.08.21, 10:45

Аягөзде 86 жастағы қария вакцина салдырды

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: