Салынып жатқан үйлердің барлығы сапалы ма?

Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Салынып жатқан үйлердің барлығы сапалы ма?

0

52

Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев облыс орталығында салынып жатқан бірнеше құрылыс нысандарын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын терможаңғырту бағдарламасы бойынша жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандарды аралады.

2011-2014 жылдарға арналған «Тұрғын үй құрылысы бағдарламасының аясында облыс орталығында салынатын бірнеше тұрғын үйдің құрылысына «Тұрғын үй құрылыс жинақтау банкінен» 1500 миллион теңге бөлінгені белгілі. Аймақ басшысы алдымен Металлургтер кентіндегі Молдағұлова көшесінде бой көтеріп жатқан көпқабатты үйлердің құрылыс алаңында болды. «ЮКО» ЖШС мердігерлік ұйымы қолға алып, атқарып жатқан ауқымды құрылыстың жай-күйімен танысқан облыс Әкімі құрылысшыларға нақты тапсырмалар берді. Тұрғызылып жатқан бірнеше үйдің қабырғалары күн санап көтеріліп келеді. «Стройэффект» ЖШС тұрғызып жатқан 5 қабатты, мансардалы 40 пәтерлі үй кезекте тұрғандарға арналған болатын. Арендалық үй республика қаржысының есебінен тұрғызылып жатқандықтан пәтерлер ұстаздарға, дәрігерлерге беріледі деп жоспарланған екен. Алайда 2011 жылдың сәуірінде басталып, сол жылдың желтоқсанында тапсырылуға тиіс нысанның құрылысы әлі аяқталмаған. Себеп – құрылыстың сметалық құжаттарынан кеткен қателіктерде. Осыған байланысты тапсырыс беруші мердігер ұйымды сотқа берген.
Бұл жерде айта кететін тағы бір жәйт, салынып жатқан құрылыстардың сапасы. Асығыс жасалған жұмыстың абырой әпере қоймасы анық. Мердігерлер өз жұмыстарын жылдам аяқтап тапсырғысы келгенмен, елдің олардан күтетіні – сапалы жұмыс пен жайлы баспана. Әкім бұл мәселеге айырықша тоқталды. Әр пәтердің жауапкершілікпен тұрғызылып, әр кірпіштің шын көңілмен қаланғаны маңызды. Жұмыстың қорытындысы сонысымен өлшенбек, себебі, құрылыс сапалы болса, халық риза.
Карл Маркс көшесінде, яғни, 19-мөлтек ауданда да бірнеше тұрғын үй нысандары бой көтеріп келеді. Облыс Әкімі тұрғын үй құрылысымен қатар оны абаттандыру мәселелеріне көбірек назар аударды. Үйлердің аулалары, су-құбыр жүйелері, тағы басқа да тұрғындардың жайлы да қолайлы өмір сүруіне аса қажет басты дүниелер сапалы жасалуы керек.
Ертіс өзенінің үстіндегі Қазақстан көшесімен жалғасатын басты көпірге де күрделі жөндеу қажет болып тұр. Өткен ғасырдың 70-ші жылдары салынған көпір бүгінгі күнге дейін халыққа тоқтаусыз қызмет көрсетіп келеді. Алайда көпірдің белгілі бір бөлігінде ақаулар пайда бола бастаған. Нысанды келіп көрген облыс басшысы мұндағы мәселенің жай-күйін таразылады. «ПК Мостопроект» ЖШС көпір жөндеуді өз жауапкершіліктеріне алып, тапсырылған міндетті абыроймен атқарып шықпақ. Көпірдің жөндеу жұмысына 7 504 миллион теңге бөлініп отыр. Жөндеу уақыты – 3 жыл.
Меновное кентіндегі Советская көшесінде көпқабатты үйлерге терможаңғырту бағдарламасы аясында жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. 1960-1970 жылдары салынып, қабырғаларына көп жылдар бойы сыр жұқпаған үйлердің тозығы жете бастаған болатын. Алайда аталмыш бағдарлама аясында ескіні жаңартып, жаманды жақсартып алуға мүмкіндік туған еді. Аймақ басшысы Советская көшесіндегі үйлердің жағдаймен танысып, жүргізілген жұмыстарға қанықты. Осы көшедегі 98-ші үйдің шатыры қайта жөнделіп, үйдің ішкі жылу жеткізу жүйелері қайта қалыпқа келтірілген. Атқарылған жұмыстың жалпы құны –4 843 325 мың теңге. Бұл үшін әр пәтер иесі ай сайын бар-жоғы 2500-4000 теңге көлемінде ақша төлейді. Ал осы көшедегі 96-үйдің суық су құбырлары мен кәріз жүйелері жөнделген. Сондай-ақ облыс Әкімі Согра кентіндегі «Согра ЖЭО» ЖШС-де болып, ондағы электр және қуат көздерін өндіретін орталықтың жұмысымен танысты.
Облыс басшысы құрылыс нысандарын аралап болған соң аттың басын Шығыс ауылына бұрып, мұнда дүркіретіп Наурыз тойын тойлап жатқан қалың қазақ жұртына құтты болсын айтты.
Шығыс ауылында Ұлыстың ұлы күні – наурыздың 25-інде тойланып жатқанының да өзіндік себебі бар екен. Өткен жылы дәл осы күні Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ осы ауылдың ресми түрде лентасын қиыпты. Демек, Шығыс ауылы үшін бұл қос мереке.
– Осынау қос мерекелеріңіз құтты болсын! Бүгінде өшкеніміз қайта жанып, ұмытқанымыз орнына келіп жатыр. Соның бірі –осы қасиетті Наурыз мерекесі. Осыдан 3 жыл бұрын қазір сіздер тұрып жатқан жер жазық дала еді. Елбасымыздың тапсырмасына сәйкес, «Нұрлы көш» бағдарламасының аясында бүгінде Өскеменнің іргесінде үлкен елді мекен пайда болды. Мына зәулім мектеп, жайлы балабақша, барлығы сіздер үшін. Сіздерді жұмыспен қамту мәселесіне әрдайым ерекше көңіл бөлеміз. Несие беру, кәсіпкерлікті дамыту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Ең бастысы, ерінбей еңбек етуіміз керек, – деді облыс басшысы өз сөзінде.
Наурыз мерекесі Шығыс ауылында да барлық сән- салтанатымен тойланды. Қатар тігілген киіз үйлер, әсем ән мен күмбірлеген күй мереке шырайын аша түсті. Көздің жауын алатын, ұлттық ою-өрнектерге малынған қолөнер бұйымдарының көрмесі де қонақтар назарынан тыс қалған жоқ.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz

Сондай-ақ қараңыз: Жаңалықтар

Комментарии (0)

Текст сообщения*
Загрузить файл или картинкуПеретащить с помощью Drag'n'drop
Перетащите файлы
Ничего не найдено
Защита от автоматических сообщений
 
Жалпы Өзекті Комментируемое

Бүгін, 10:01

Алакөлдің шығыс жағалауына енді немен барамыз?

Бүгін, 09:34

"ҚазАвтоЖолға" жаңа басшы тағайындалды

Бүгін, 09:12

COVID-19 пневмониясы: Бір тәулікте 107 жағдай тіркелді

22.04.21, 18:07

Аягөз ауданының 47 елді мекені ауызсумен қамтамасыз етіледі

22.04.21, 17:45

Демалыс күндері «қызыл аймақтағы» қалаларда қандай нысандар жұмыс істемейді? - ШҚО

22.04.21, 16:42

Саратс – Елбасының ерен ерлігі

22.04.21, 15:46

Ішіп алып көлік жүргізгендер жауапқа тартылды – ШҚО

22.04.21, 15:14

Аягөз ауданында 27 көше жарықтандырылады

22.04.21, 14:48

Коронавирус пен пневмониядан тағы 28 адам көз жұмды

22.04.21, 13:29

"Ң" әрпі өзгерген: латын әліпбиінің жетілдірілген нұсқасы ұсынылды

22.04.21, 12:01

Бір күнде 11 өрт шықты – ШҚО

22.04.21, 11:03

Ақын Жәркен Бөдешұлы өмірден өтті

22.04.21, 10:22

Өскеменнің бұрынғы әкімі жаңа лауазымға ие болды

22.04.21, 09:46

Өскемен мен Семей қаласының тұрғындарынан көп шағым түседі – Даниал Ахметов

22.04.21, 09:26

22 сәуірде ауа райы қандай болады?

22.04.21, 09:00

ШҚО-да коронавирус жұқтырған 97 адам анықталды

21.04.21, 18:49

Ядролық медицина орталығы алғашқы науқастарды қабылдайды

21.04.21, 18:14

Аягөз ауданында 33 көше жөнделеді

21.04.21, 16:30

"Вакцинадан бас тартқандарға айыппұл салынады" деген ақпарат тарады

21.04.21, 16:30

ШҚО-да карнтиндік талаптарды сақтамағандарға айыппұл салынуда

Еще

06.06.18, 11:55

ШҚО-да менингитке шалдыққан балалар жазылып шықты

30.04.20, 09:09

ШҚО коронавирустың екінші толқынына дайындалуда

29.09.20, 10:45

COVID-19: Өткен аптада ШҚО-да қайтыс болған науқастарға қатысты мәлімет шықты

10.12.11, 18:00

Қалбатауда өнер мектебінің жаңа ғимараты ашылды

30.04.20, 15:00

Өскеменде 10 қабатты үйден құлаған керамогранит оқушының үстіне түскен

12.02.19, 05:03

Өскеменде автобус бірнеше жеңіл көлікпен соқтығысты

30.04.20, 09:32

4 мамырдан бастап кімдер жұмысқа шыға алады?

30.04.20, 06:31

ШҚО-да суға кеткен жігіттің денесі табылды

20.12.11, 18:00

Отаныңа опасыздық жасауға болмайды

29.09.20, 07:45

Өскеменде тағы бір трамвай жаңартылды

03.11.20, 15:45

ШҚО-дағы еріктілер өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмектесті

03.11.20, 10:15

ШҚО-да билеті бар 50 шақты адам ұшаққа отырғызылмады

30.04.20, 07:41

Коронавирус: тағы 68 науқас тіркелді

03.12.20, 18:23

Кезекте тұрған 20 отбасы баспаналы болды - Катонқарағай (ФОТО)

02.12.20, 11:16

Аягөз ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды (фоторепортаж)

03.07.20, 10:59

Асық технологиясын қолданатын Зайсандағы балабақша (Фоторепортаж)

16.06.20, 14:15

Арақ пен темекіден бас тартқан 60 үйлі ауыл бар – ШҚО (Фоторепортаж)

03.12.20, 18:26

Қосағаш пен Бидайықта "Электронды қызмет көрсету орталығы" ашылды - Аягөз (Фоторепортаж)

03.04.19, 05:59

Кеңсе менеджерінен қарағанда мүсіншінің жұмысы әлдеқайда қызықты - Мейрам Баймуханов

03.12.20, 17:38

Даниал Ахметов 30 отбасына пәтер кілтін табыстады (Фоторепортаж)

Бүгін, 10:01

Алакөлдің шығыс жағалауына енді немен барамыз?

Бүгін, 09:34

"ҚазАвтоЖолға" жаңа басшы тағайындалды

Бүгін, 09:12

COVID-19 пневмониясы: Бір тәулікте 107 жағдай тіркелді

22.04.21, 18:07

Аягөз ауданының 47 елді мекені ауызсумен қамтамасыз етіледі

22.04.21, 17:45

Демалыс күндері «қызыл аймақтағы» қалаларда қандай нысандар жұмыс істемейді? - ШҚО

22.04.21, 16:42

Саратс – Елбасының ерен ерлігі

22.04.21, 15:46

Ішіп алып көлік жүргізгендер жауапқа тартылды – ШҚО

22.04.21, 15:14

Аягөз ауданында 27 көше жарықтандырылады

22.04.21, 14:48

Коронавирус пен пневмониядан тағы 28 адам көз жұмды

22.04.21, 13:29

"Ң" әрпі өзгерген: латын әліпбиінің жетілдірілген нұсқасы ұсынылды

22.04.21, 12:01

Бір күнде 11 өрт шықты – ШҚО

22.04.21, 11:03

Ақын Жәркен Бөдешұлы өмірден өтті

22.04.21, 10:22

Өскеменнің бұрынғы әкімі жаңа лауазымға ие болды

22.04.21, 09:46

Өскемен мен Семей қаласының тұрғындарынан көп шағым түседі – Даниал Ахметов

22.04.21, 09:26

22 сәуірде ауа райы қандай болады?

22.04.21, 09:00

ШҚО-да коронавирус жұқтырған 97 адам анықталды

21.04.21, 18:49

Ядролық медицина орталығы алғашқы науқастарды қабылдайды

21.04.21, 18:14

Аягөз ауданында 33 көше жөнделеді

21.04.21, 16:30

"Вакцинадан бас тартқандарға айыппұл салынады" деген ақпарат тарады

21.04.21, 16:30

ШҚО-да карнтиндік талаптарды сақтамағандарға айыппұл салынуда

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: