Саманнан қаланған мектептер мен ғимараттарды алмастырамыз – ШҚО әкімі
15.09.2021 | 16.44
0
105
ШҚО аумағындағы 50-жылдары салынған мектептер мен білім беру ғимараттары ауыстырылады. Бұл туралы обылс әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың елімізде 1000 жаңа мектеп салу туралы тапсырмасына сәйкес, аймақ басшысы қала және аудан әкімдеріне білім беру мекемелеріне қатысты қажеттіліктің бар-жоғын анықтауды тапсырып отыр.
- Бірінші кезекте біз 1950 жылдары салынған саманнан қаланған мектептер мен ғимараттарды алмастырамыз. Біз өз тәжірбиемізде оң нәтиже берген бірыңғай жобаларды қолдана отырып, 2022 жылы 6 мектеп, 2023 жылы 15 мектеп салуды жоспарлап отырмыз, - деді Даниал Ахметов.
Комментарии (0)