Секисовканың суы енді секем туғызбайды

Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Секисовканың суы енді секем туғызбайды

0

134

ШҚО Әкімі ат басын Секисовка ауылына бұрды. Бұл елді мекеннің тұрғындары да аймақ басшысымен бірге бір топ лауазым иелері келе жатқанын естіп, ауылдық мәдениет үйінің залына лық толыпты. Бәрін мазалайтын бір ғана сұрақ – күздігүні өндіріс қалдықтарымен ластанған өзен суының ахуалы. Секисовкалық ағайындардың бақытына қарай дер кезінде қолға алынған іс-шаралардың нәтижесінде өзеннің суы залалсыздандырылып, бүгінгі таңда ешқандай қауіп тудырмайды.

– «Қазгидрометтің» сараптамалық жұмыстарына жүгінсек, өзен суының құрамы тазарған. Малдарды суаруға және шаруашылыққа пайдалануға әбден болады. Сонымен бірге ауыл халқы да скважинадан келетін ауызсуды тұтынуда, қандай да бір зиян жоқ, – дейді «Ертіс» экология департаменті бас мемлекеттік инспекторының міндетін атқарушы Қанапия Бохаев.

Эколог маманның бұл пікірін «Секисовка тау-кен кәсіпорны» ЖШС-нің атқарушы директоры Георгий Дудукалов та растады.

– Деректердің бәрі қолымызда, жағдай қалпына келтірілді. Ең бірінші кезекте біз кәсіпорынның зиянды қалдықтары төгілген барлық суларды тазартуды аяқтауымыз керек. Қазір бұл жұмыстар аяқталды деуге болады. Содан кейін жауапты орындармен жасалған келісімге сәйкес шығынға ұшыраған «Водолей» балық шаруа қожалығына қатысты мәселені бір жағына шығарамыз. Мұнымен қоса ағылшындық компания жобасын әзірлеп жатқан екінші секцияны қалпына келтіреміз және технологиялық қалдықтар сақталатын қойманы келешекте апатқа ұшырамайтындай етіп жасаймыз, – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін кейбір ақпарат құралдарында айтылғандай, улы заттардың әсерінен «Водолей» шаруа қожалығына қарасты тоғандағы балықтар шетінен қырылып қалмаған екен, бар-жоғы 80 келіге жуық ұсақ майшабақтар өліпті. Келген шығынның жалпы мөлшері 13 мың теңгені құрап отыр.

Аудан әкімі Владимир Кошелевтің айтуынша, аудандық әкімдік пен «Секисовка ТКК» ЖШС арасында әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған меморандумға қол қойылған. Меморандумға сәйкес жергілікті кәсіпорын бірқатар міндеттерді мойнына алып отыр, соның ішінде 20 млн. теңгеге Секисовкада жаңа су қоймасын салу, 4 млн. теңгеге ауыл ішінде су құбырын тарту, 30 млн. теңгеге «Водолей» су тоғанын жайлы демалыс орнына айналдыру және саябақ аймағын құру, 9 млн. теңгеге балалардың демалыс орнын жасау, 11 млн. теңгеге ауылішілік жолдарды асфальттау сияқты ауқымды жұмыстар атқарылмақ. Қысқасы, «Секисовка ТКК» ЖШС ластанған өзенді қалпына келтірумен қатар жергілікті халық-қа әлеуметтік қолдау көрсетуге бекінген.

Облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ кәсіп-орын басшылығының бұл шешімін оң бағалап, өзінің ризашылығын білдірді.

Белоусовка кенті Рабочая көшесінде орналасқан көп қабатты тұрғын үйлер 15 жыл бойы қыстың қақаған аязында қол пешпен жылынып келген. «Қазақмыс» ЖШС мен аудан әкімдігі арасындағы меморандумның арқасында қазір бұл үйлер орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылып, баспаналары қыстың қақаған аязында қыж-қыж қайнап тұрған жайы бар. «Қазақмыс» компаниясы ағымдағы жөндеу жұмыстарына 12331 мың теңге қаржы бөлумен қатар кент көшелерін қардан тазартатын үш бірдей трактор сатып әперген. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін қапысыз сезінген «Қазақмыстың» қайырымды ісіне куә болған аймақ басшысы өзінің оң бағасын берді.

Сонымен қатар облыс Әкімі Белоусовка кентіндегі бастауыш мектеп-балабақша ғимаратын аралап көріп, Глубокое ауданының активімен кездесу өткізді. Жиында ағымдағы жылдың қорытындысы әңгіме арқауына айналды. Өңір басшысы келтірген деректерге ден қойсақ, аудан бойынша өнеркәсіп өнімдерінің көлемі, шағын және орта бизнес саласының белсенді кәсіпорындар саны, салықтық түсімдердің мөлшері көңіл көншітерлік емес, сондай-ақ, ірі қара мал басының кемуі, қылмыс деңгейінің төмендемеуі сияқты проблемалар да бар. Осының бәрін айта келе облыс басшысы Бердібек САПАРБАЕВ:

– Аудан және ауылдық округ әкімдері халықпен жиі кездесіп, сұрақтарына көңіл қойып тұрса, ел ішінде ешқандай мәселе туындамас еді. Өкінішке қарай, біз олай етпейміз, бөлмеде отырып жұмыс істегенді жақсы көреміз. Мұны қою керек, барлық әкімдер қарапайым бұқарамен қоян-қолтық еңбек етсін, – деп түйді.

Актив жиынында сонымен бірге алдағы келе жатқан Жаңа жыл мерекесіне әзірлік, көшелерді безендіру, көріктендіру, сайлаудың қам-қарекеті сынды түйткілдер де қаперден тыс қалған жоқ.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz

Сондай-ақ қараңыз: Жаңалықтар

Комментарии (0)

Текст сообщения*
Загрузить файл или картинкуПеретащить с помощью Drag'n'drop
Перетащите файлы
Ничего не найдено
Защита от автоматических сообщений
 
Жалпы Өзекті Комментируемое

Бүгін, 16:07

Террористердің қолынан қаза тапқан ҰҚК офицері жерленді – ШҚО

Бүгін, 15:33

ШҚО-да қатты жел мен бұрқасын болады

Бүгін, 14:51

Тәулік ішінде 11 қылмыс жасалып, 8-і ашылған - ШҚО

Бүгін, 14:04

Төтенше жағдай режимі әлі де сақталады - ШҚО

Бүгін, 13:11

ШҚО-да коменданттық сағатты бұзғаны үшін 32 адам жазаланды

Бүгін, 11:10

Тәртіпсіздіктердің фото-видеосын жинайтын сайт іске қосылды

Бүгін, 10:29

Үкімет Өскемен және Шүлбі ГЭС-ін сатудан бас тартты

Бүгін, 10:26

ШҚО-да терроризмге қарсы операция аяқталды

Бүгін, 10:12

Бүгін ҰҚШҰ бітімгерлерді Қазақстаннан шығаруды бастайды

Бүгін, 09:53

ШҚО-да газ бен бензиннің шекті бағасы белгіленді

Бүгін, 09:52

Қазақстанның 3 өңірінде төтенше жағдай режимі алынып тасталды

Бүгін, 09:04

Семейдегі ХҚКО-лар штаттық режимде жұмыс істеп тұр

12.01.22, 17:58

Қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде қаза тапқандардың балалары университетте тегін оқиды

12.01.22, 16:30

Адвокаттар көмегінің жедел желісі іске қосылды

12.01.22, 15:25

Қазақстанда алдағы күндері күн жылынады

12.01.22, 14:56

Семейде азық-түлік пен дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ

12.01.22, 12:18

ШҚО-да жараланған 19 әскеридің 7-еуі қайта қызметіне кірісті

12.01.22, 11:58

Қазақстанда 60-тан асқан адамдарға ревакцинация үшін Пфайзер вакцинасы ұсынылады

12.01.22, 11:34

Әлихан Смайылов утилизациялық алым мәселесін реттеуді 3 министрлікке жүктеді

12.01.22, 11:28

Қазақстанда карантин талаптары күшейтілуі мүмкін

Еще

06.06.18, 11:55

ШҚО-да менингитке шалдыққан балалар жазылып шықты

29.09.20, 10:45

COVID-19: Өткен аптада ШҚО-да қайтыс болған науқастарға қатысты мәлімет шықты

30.04.20, 09:09

ШҚО коронавирустың екінші толқынына дайындалуда

10.12.11, 18:00

Қалбатауда өнер мектебінің жаңа ғимараты ашылды

12.02.19, 05:03

Өскеменде автобус бірнеше жеңіл көлікпен соқтығысты

30.04.20, 15:00

Өскеменде 10 қабатты үйден құлаған керамогранит оқушының үстіне түскен

30.04.20, 06:31

ШҚО-да суға кеткен жігіттің денесі табылды

30.04.20, 09:32

4 мамырдан бастап кімдер жұмысқа шыға алады?

03.11.20, 15:45

ШҚО-дағы еріктілер өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмектесті

20.12.11, 18:00

Отаныңа опасыздық жасауға болмайды

29.09.20, 07:45

Өскеменде тағы бір трамвай жаңартылды

03.11.20, 10:15

ШҚО-да билеті бар 50 шақты адам ұшаққа отырғызылмады

30.04.20, 07:41

Коронавирус: тағы 68 науқас тіркелді

02.12.20, 11:16

Аягөз ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды (фоторепортаж)

03.07.20, 10:59

Асық технологиясын қолданатын Зайсандағы балабақша (Фоторепортаж)

03.12.20, 18:23

Кезекте тұрған 20 отбасы баспаналы болды - Катонқарағай (ФОТО)

03.12.20, 18:26

Қосағаш пен Бидайықта "Электронды қызмет көрсету орталығы" ашылды - Аягөз (Фоторепортаж)

16.06.20, 14:15

Арақ пен темекіден бас тартқан 60 үйлі ауыл бар – ШҚО (Фоторепортаж)

03.04.19, 05:59

Кеңсе менеджерінен қарағанда мүсіншінің жұмысы әлдеқайда қызықты - Мейрам Баймуханов

03.12.20, 17:38

Даниал Ахметов 30 отбасына пәтер кілтін табыстады (Фоторепортаж)

Бүгін, 16:07

Террористердің қолынан қаза тапқан ҰҚК офицері жерленді – ШҚО

Бүгін, 15:33

ШҚО-да қатты жел мен бұрқасын болады

Бүгін, 14:51

Тәулік ішінде 11 қылмыс жасалып, 8-і ашылған - ШҚО

Бүгін, 14:04

Төтенше жағдай режимі әлі де сақталады - ШҚО

Бүгін, 13:11

ШҚО-да коменданттық сағатты бұзғаны үшін 32 адам жазаланды

Бүгін, 11:10

Тәртіпсіздіктердің фото-видеосын жинайтын сайт іске қосылды

Бүгін, 10:29

Үкімет Өскемен және Шүлбі ГЭС-ін сатудан бас тартты

Бүгін, 10:26

ШҚО-да терроризмге қарсы операция аяқталды

Бүгін, 10:12

Бүгін ҰҚШҰ бітімгерлерді Қазақстаннан шығаруды бастайды

Бүгін, 09:53

ШҚО-да газ бен бензиннің шекті бағасы белгіленді

Бүгін, 09:52

Қазақстанның 3 өңірінде төтенше жағдай режимі алынып тасталды

Бүгін, 09:04

Семейдегі ХҚКО-лар штаттық режимде жұмыс істеп тұр

12.01.22, 17:58

Қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде қаза тапқандардың балалары университетте тегін оқиды

12.01.22, 16:30

Адвокаттар көмегінің жедел желісі іске қосылды

12.01.22, 15:25

Қазақстанда алдағы күндері күн жылынады

12.01.22, 14:56

Семейде азық-түлік пен дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ

12.01.22, 12:18

ШҚО-да жараланған 19 әскеридің 7-еуі қайта қызметіне кірісті

12.01.22, 11:58

Қазақстанда 60-тан асқан адамдарға ревакцинация үшін Пфайзер вакцинасы ұсынылады

12.01.22, 11:34

Әлихан Смайылов утилизациялық алым мәселесін реттеуді 3 министрлікке жүктеді

12.01.22, 11:28

Қазақстанда карантин талаптары күшейтілуі мүмкін

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: