Семейде рейд барысында карантин ережелерін сақтамағандар анықталды
18.12.2020 | 22.32
0
345
Бүгін Семей қаласында күндіз жалдамалы тұрғын үйлерінің бірінде карантиндік шектеулерге қарамастан ұжымдық банкет ұйымдастырылғаны анықталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Құқық қорғау органдары ұйымдастырушыларға қатысты материалды жинақтап, қалалық санитарлдық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына әкімшілік кодекстің 425 бабы бойынша қарастыруға жіберді.
Еске сала кетсек, ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Қаулысына сәйкес, отбасылық, салтанатты, еске алу шаралары, банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру және басқа да бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізуге тыйым салу сақталған.
Комментарии (0)