Семей қаласына жаңа әкім тағайындалды
25.01.2021 | 12.03
0
186
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің өкімімен Семей қаласының әкімі болып бұған дейін Ұлан ауданына басшылық еткен Нұрымбет Сақтағанов тағайындалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Бүгін қалалық мәслихаттың кезектен тыс ІІ сессиясында депутаттардың көпшілігі Нұрымбет Сақтағановтың кандидатурасын қолдады. Жаңа қала басшысын активке Даниал Ахметов таныстырды. Өңір басшысы бұрынғы әкім Ермак Сәлімовке жұмысы үшін алғыс айтып, одан әрі облыс әкімінің тұрғын үй-құрылыс мәселелері жөніндегі кеңесшісі болатынын айтты, – деп мәлімдеді ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.
Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов 1970 жылы 6 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Қызылорда педагогикалық институтын, Қызылорда аграрлық-техникалық колледжін, МЭСА дистанциялық білім беру институтын, МЭСА Қызылорда экономика, статистика және ақпарат институтын, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік институтын мұғалім, заңгер, экономика және бизнес мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек қызметін 1992 жылы Қызылордадағы № 172 орта мектебінде мұғалім болып бастаған.
1993-1994 жылдары ҚР ҚК қатарында болып, әскерден кейін Қызылордадағы № 9 орта мектепте жұмысын жалғастырды.
1995-2001 жылдары Қызылорда облысы бойынша Кеден басқармасының инспекторы, аға инспекторы, бас инспекторы, бөлім бастығы, бөлім бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.
2001-2006 жылдары - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінде бас инспектор, Төрағаның көмекшісі, бөлім бастығы (ҚР Қаржы министрлігінің Кеден комитеті, Кеден бақылау агенттігі) болды.
2006-2007 жылдары - ҚР Парламентіндегі Үкімет өкілдігінің бас инспекторы, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде бөлім бастығы, Министрдің кеңесшісі қызметін атқарды.
2007-2010 жылдары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары болды.
2010-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
2012-2015 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2015-2018 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.
2018 жылдан бүгінге дейін Ұлан ауданы әкімі қызметін атқарды.
Айта кетейік, Нұрымбет Аманұлы жеті бала тәрбиелеп отырған көпбалалы әке.
Комментарии (0)