Семей қаласының әкімдігін жөндеу жұмыстары жалғасуда
21.01.2022 | 09.04
0
16
Семейде болған жаппай тәртіпсіздік кезінде қатты зардап шеккен нысандардың бірі - қала әкімдігі болатын. Ғимараттың терезелері, ішкі және сыртқы есіктері мен техникалық заттар сынған және ұрланған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қазіргі уақытта келтірілген шығып көлемі есептеліп, әкімдікті қайта қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті.
- 25 терезе, 171 есік сынған. Сондай-ақ үстел, орындықтарды қиратып, ноутбук, принтер, диктафондарды ұрлап кеткен. Яғни қолдарына түскен заттың бәрін ұрлаған сияқты. Қазір жөндеу жұмыстары басталып кетті. Есік-терезелер орнатылып жатыр. Барлығы қайта қалпына келтірілетін болады, - деді Қаржы-шаруашылық жұмыс бөлімінің басшысы Шынар Сағадиева.
Сондай-ақ маманның айтуынша, қалпына келтіру бюджет есебінен жүргізілетін көрінеді.
Қазір асхана қайта қалпына келтіріліп, штаттық режимде жұмыс істейді. Жөндеу жұмыстары толық аяқталмағанымен әкімдік те штаттық режимде жұмысқа көшкен.
Комментарии (0)