Семей қаласының шеткі аймақтарын дамыту қалай жүріп жатыр?
25.11.2021 | 15.14
0
58
Теміржолшылар кенті Семей қаласының шеткі аймақтарын дамыту бағдарламасына енген болатын. Кеше қала әкімі Бақытжан Байахметов кен тұрғындарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Кентте бірқатар жұмыстар атқарылыпты. Атап айтқанда, автобус бағыты бойынша жаңа асфальт төселген. Сонымен қатар, кентке апаратын негізгі көшені жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.
Шаһар басшысымен кездесу барысында тұрғындар кбалалардың бос уақытын өткізуге, ойнауға немесе спортпен шұғылдануға мүмкіндік беретін ойын алаңдарының жоқтығын айтты.
Осы мақсатта ешкімге тиесілі емес және ыңғайлы жерде орналасқан учаске таңдалып отыр.
- Әрине, біз өз тұрғындарымызға қолдау көрсетеміз және келесі жылы бүлдіршіндерге ғана емес, үлкен балаларға да ойын және спорт алаңын жабдықтаймыз, - дейді Бақытжан Байахметов.
Сонымен қатар, кент көшелерін жарықтандыру, орталық сумен жабдықтауға қосылу мәселелері де біртіндеп шешіледі екен. Мысалы, келесі жылы Алматинская және Пржевальский көшелерін сумен жабдықтауды жобалау жоспарланған. Барлық жер жұмыстарынан кейін жарықтандыру тіректерін орнатуға және жолдар жасау басталады.
Комментарии (0)