Семей маңындағы ауыл тұрғындары әкімдікке талап қойды

Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Жаңалықтар

Семей маңындағы ауыл тұрғындары әкімдікке талап қойды

0

29

Семей маңындағы Восход және Водный ауылдарының 30-ға жуық тұрғыны ауыл мәселелерін талқылау үшін жергілікті билік өкілдерін шақырып, жиын өткізді, деп хабарлады Азаттық радиосы.

Семейдің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және білім беру бөлімдерінің басшылары жиын басталғаннан бір сағат өткен соң ғана келді. Бұл кезде тұрғындар дуалға "Су қайда?", "Бізге таза су керек" деген жазулары бар плакаттар іліп жатқан.

Ауылда судың, балабақшаның, дұрыс инфрақұрылымның жоқтығынан, қоқыс үйіліп жатқанынан әкімшілік хабардар. Осыдан бір жыл бұрын әкімдіктегілер 2020 жылғы қарашаға дейін магистральдік су құбыры тартылып, 2021 жылы көшелер арасына су құбырын тартудың жобалық-сметалық құжаттары дайын болады деп уәде берген. Бірақ уәде орындалмады.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Амантай Өтелбаевтың айтуынша, әкімдік су тартуды көздеген бастоған аукцион арқылы жеке адамға сатылып кеткен, сондықтан жоспарды өзгертуге тура келген. Жеке тұлға екі су ұңғымасын беруге келіскенімен, оның күші тұрғындарды сумен қамтамасыз етуге жетпейді дейді Өтелбаев. Сондықтан әу баста 253 млн теңге деп бағаланған жоба қымбаттап кеткен.

— Қазір Березовский ауылы маңынан, жеті километр жерден магистраль тарту бойынша жобалық-сметалық құжат жасалып жатыр. 10 миллион теңгеден астам ақша бөлінді, — деді бөлім бастығы.

Биыл экспертизаға беріледі деген көше ішіндегі су құбырларының жобасы да әлі дайын емес.

Жиналған жұрт Өтелбаевтың сөзіне жамырай қарсылық білдірді.

Басшылық мектеп құрылысы да әлі басталмайтынын айтты.

Семей қалалық білім бөлімінің басшысы Наталья Фесенконың айтуынша, мектеп салынады, бірақ алдымен техникалық-экономикалық негіздеме болуы керек.

— Қазір біз Даниал Кенжетайұлының (Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов – ред.) екі мектеп салу тапсырмасын орындап жатырмыз. 1200 орындық алғашқы мектеп қаңтарда беріледі. Водный ауылындағы мектеп құрылысы жоспарланған, жер бөлінген. Бірақ су жоқ болғандықтан, ол кейінге ысырылды. Водный ауылында – 300 орындық, Правый Восточный ауылында – 300 орындық мектеп салайық деп шештік. Бұл мектептерді салу бойынша негіздеме дайындап жатырмыз, содан соң шешім қабылданады, — деді Фесенко.

Халық шешімнің баяу қабылданатынын, жобаланған мектептің тым кішкентай екенін, оның орны да дұрыс таңдалмағанын айтып шағынды.

— Екі ауыл мен саяжай тұрғындары бала көп мектепте үш ауысыммен оқиды. Осы уақыттан бері мектепке арналған жер бар екенін, халық санының өскенін білдіңіздер, Водный саяжайының өзінде ғана 1200 адам тұрады. Соның жартысы – бала. Мектеп, балабақша қайда? — деді үш баланың әкесі Михаил Филипов.

— Әділетсіздікке налимын, біз де қалалықтар сияқты салық төлейміз. Неге бұлай істейсіздер? — деп сұрады тағы бір тұрғын.

Водный және Восход ауылдарының тұрғындары әлеуметтік мәселелерді көтеріп, жергілікті басшылармен көп жиын өткізген, тіпті осы жайттарды көрсетіп, Қазақстан президенті әкімшілігіне де хат жазған. Бірақ мәселелер шешілмеді.

Комментарии (0)

Текст сообщения*
Загрузить файл или картинкуПеретащить с помощью Drag'n'drop
Перетащите файлы
Ничего не найдено
Защита от автоматических сообщений
 
Жалпы Өзекті Комментируемое

Бүгін, 18:59

Мереке қарсаңында полицейлердің отбасыларын құттықтады - ШҚО

Бүгін, 18:00

ШҚО білім беру ұйымдарында екі жүзден астам бұзушылық анықталды

Бүгін, 17:15

ШҚО-да 9 мектеп апаттық жағдайда тұр

Бүгін, 16:30

Қазақстан тарихындағы алғашқы оқиға. Семейлік ұстаз әлемнің үздік 50 ұстазының қатарына енді

Бүгін, 16:18

Балалардың тентектігінен тағы да өрт шықты - ШҚО

Бүгін, 16:10

ШҚО-да 16 адам үй карантинін бұзған

Бүгін, 15:48

Аягөзде тағы да шу. Арнайы мекемеде ұлдар жыныстық қатынасқа түспек болған

Бүгін, 14:34

Демалыс күндері ауа райы қандай болады - ШҚО

Бүгін, 12:42

Өскеменде COVID-19-ға қарсы вакцина алғандар арасында жүлделер ойнатылады

Бүгін, 11:33

Ұлан ауданында иесіз қалған үйлер бұзылып жатыр

Бүгін, 10:44

Өскеменде 160 мыңға жуық адам екпе алған

Бүгін, 09:39

Семейде жоғалған студент аман-есен табылды

Бүгін, 09:03

ШҚО-да тағы 167 адам коронавирус жұқтырды

09.09.21, 17:49

16 мың шығысқазақстандық онлайн санақтан өткен

09.09.21, 17:15

Вице-министр Қазақстандағы жолдардың сапасы туралы сынға жауап берді

09.09.21, 16:11

Банктер қазақстандықтардың ақшасын негізсіз алған - Бас прокуратура

09.09.21, 16:06

Жаза өтеу тәртібін бұзған 80 сотталушы колонияға жіберілді – ШҚО

09.09.21, 15:33

ШҚО-да күн суытады

09.09.21, 14:10

Риддерде бюджеттік ұйымдар қызметкерлері дөңгелек үстел басына жиналды

09.09.21, 11:58

Өскеменде жоғалып кеткен оқушы бала аман-есен табылды

Еще

06.06.18, 11:55

ШҚО-да менингитке шалдыққан балалар жазылып шықты

30.04.20, 09:09

ШҚО коронавирустың екінші толқынына дайындалуда

29.09.20, 10:45

COVID-19: Өткен аптада ШҚО-да қайтыс болған науқастарға қатысты мәлімет шықты

12.02.19, 05:03

Өскеменде автобус бірнеше жеңіл көлікпен соқтығысты

10.12.11, 18:00

Қалбатауда өнер мектебінің жаңа ғимараты ашылды

30.04.20, 15:00

Өскеменде 10 қабатты үйден құлаған керамогранит оқушының үстіне түскен

30.04.20, 06:31

ШҚО-да суға кеткен жігіттің денесі табылды

30.04.20, 09:32

4 мамырдан бастап кімдер жұмысқа шыға алады?

03.11.20, 15:45

ШҚО-дағы еріктілер өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмектесті

29.09.20, 07:45

Өскеменде тағы бір трамвай жаңартылды

20.12.11, 18:00

Отаныңа опасыздық жасауға болмайды

03.11.20, 10:15

ШҚО-да билеті бар 50 шақты адам ұшаққа отырғызылмады

30.04.20, 07:41

Коронавирус: тағы 68 науқас тіркелді

03.12.20, 18:23

Кезекте тұрған 20 отбасы баспаналы болды - Катонқарағай (ФОТО)

02.12.20, 11:16

Аягөз ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды (фоторепортаж)

03.07.20, 10:59

Асық технологиясын қолданатын Зайсандағы балабақша (Фоторепортаж)

16.06.20, 14:15

Арақ пен темекіден бас тартқан 60 үйлі ауыл бар – ШҚО (Фоторепортаж)

03.12.20, 18:26

Қосағаш пен Бидайықта "Электронды қызмет көрсету орталығы" ашылды - Аягөз (Фоторепортаж)

03.04.19, 05:59

Кеңсе менеджерінен қарағанда мүсіншінің жұмысы әлдеқайда қызықты - Мейрам Баймуханов

03.12.20, 17:38

Даниал Ахметов 30 отбасына пәтер кілтін табыстады (Фоторепортаж)

Бүгін, 18:59

Мереке қарсаңында полицейлердің отбасыларын құттықтады - ШҚО

Бүгін, 18:00

ШҚО білім беру ұйымдарында екі жүзден астам бұзушылық анықталды

Бүгін, 17:15

ШҚО-да 9 мектеп апаттық жағдайда тұр

Бүгін, 16:30

Қазақстан тарихындағы алғашқы оқиға. Семейлік ұстаз әлемнің үздік 50 ұстазының қатарына енді

Бүгін, 16:18

Балалардың тентектігінен тағы да өрт шықты - ШҚО

Бүгін, 16:10

ШҚО-да 16 адам үй карантинін бұзған

Бүгін, 15:48

Аягөзде тағы да шу. Арнайы мекемеде ұлдар жыныстық қатынасқа түспек болған

Бүгін, 14:34

Демалыс күндері ауа райы қандай болады - ШҚО

Бүгін, 12:42

Өскеменде COVID-19-ға қарсы вакцина алғандар арасында жүлделер ойнатылады

Бүгін, 11:33

Ұлан ауданында иесіз қалған үйлер бұзылып жатыр

Бүгін, 10:44

Өскеменде 160 мыңға жуық адам екпе алған

Бүгін, 09:39

Семейде жоғалған студент аман-есен табылды

Бүгін, 09:03

ШҚО-да тағы 167 адам коронавирус жұқтырды

09.09.21, 17:49

16 мың шығысқазақстандық онлайн санақтан өткен

09.09.21, 17:15

Вице-министр Қазақстандағы жолдардың сапасы туралы сынға жауап берді

09.09.21, 16:11

Банктер қазақстандықтардың ақшасын негізсіз алған - Бас прокуратура

09.09.21, 16:06

Жаза өтеу тәртібін бұзған 80 сотталушы колонияға жіберілді – ШҚО

09.09.21, 15:33

ШҚО-да күн суытады

09.09.21, 14:10

Риддерде бюджеттік ұйымдар қызметкерлері дөңгелек үстел басына жиналды

09.09.21, 11:58

Өскеменде жоғалып кеткен оқушы бала аман-есен табылды

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: