Семей, жол апаты: көліктердің сау тамтығы қалмады
01.03.2021 | 11.01
0
655
Семейде жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Полиция басқармасының мәлімдеуінше, оқиға 27 ақпанда сағат 22.00 кезінде болған. Lada мен ВАЗ Би Боранбай және Докучаев көшелерінің қиылысында соқтығысқан. Суреттен екі көліктің де сау тамтығы қалмағанын көруге болады.
– 21 жастағы ВАЗ жүргізушісі мен үш жолаушы (біреуі 15 жастағы бала) ауруханаға жеткізілді. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Соның нәтижесіне сәйкес заңды шешім қабылданады, – деп мәлімеді Семей қаласының полиция басқармасы.
Комментарии (0)