ШҚО-да тағы 20 отбасына баспана кілті табыс етілді
17.12.2021 | 09.02
0
35
Семей қаласы Комсомол кентінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 20 отбасыға баспана кілті табыс етілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Жаңа пәтер иелерін құттықтып, баспана кілтін табыстау рәсіміне Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов қатысты.
- "Бір қабатты Шығыс" бағдарламасы бойынша тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Бүгін біз жаңа қоныс иелеріне кілттерді табыстаймыз. Қоныс тойын тойлаушыларғы бақыт тілеймін және осы атаулы оқиғамен құттықтаймын, - деді Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов.
Айтулы мереке күні 20 отбасыға баспана кілті табыс етілді.
- Биыл "Бір қабатты Шығыс" бағдарламасы бойынша 40 пәтер салынды. Бүгін 20 жаңа пәтер иелері кілттерін алды,-дейді "ЖАНСЕРІК К.А." ЖШС құрылыс салушы компаниясының басшысы Қайырлы Қасенов.
Көпбалалы ана Үміт Қырғызова бірнеше жыл бойы тұрғын үй кезегінде тұрып, бүгін көптен күткен қоныс тойын тойлауда.
- Мен көп балалы анамын, төрт балам бар. Бүгін бізге жаңа пәтердің кілті табыс етілгеніне өте қуаныштымын. Мен шамамен төрт жыл кезекте тұрдым, - дейді ол.
Жалпы бүгінгі күні қалада тұрғын үй кезегінде 12 200 адам тұрған көрінеді.
Комментарии (0)