Семейде 64 шақырым жолға асфальт төселеді
26.12.2021 | 16.15
0
43
Семейде келесі жылы 64 шақырым жолға асфальт төселеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қала әкімі Бақытжан Байахметов жолдардың сапасына көңілі толмайтынын ашық айтты.
– Кезек күттірмейтін мәселенің бірі – жолдарды асфальттау. Қала үшін жолдарының 60 пайызы нашар, қазіргі жай-күйіне көңіл қанағаттанбайды. Биыл біз 30 шақырым жолды асфальттадық. Келесі жылы 64 шақырым жолға асфальт төсеуді жоспарлап отырмыз. Крестьянская көшесі осы тізімге енеді, – деп жазды Бақытжан Байахметов өзінің Instagram парақшасында.
Комментарии (0)