Семейде 7,5 мыңнан астам көше шамы ауыстырылады
02.10.2021 | 14.07
0
71
Семей қаласында 7,5 мыңнан астам көше шамы ауыстырылады. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Байахметов айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
"Көшені жарықтандыру жүйесін жаңғырту" жобасы бойынша қазір қалада 6 көшеде жұмыс бастау үшін жинақтаушылар дайын. Бірінші кезекте, Березовский кенті мен РСУ кентіне апаратын негізгі жол Туристический көшесі бойынша жарықтандыру жұмыстарын басталады. Осы ретте әкім тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөліміне жер учаскелері бойынша келісім дайындауды тапсырып отыр.
Жалпы, жоба бойынша 7 659 шамды (136 көше), 687 тіректі, 2 602 кронштейнді, 130 шақырым сымдарды ауыстыру, 196 дана басқару шкафын орнату жоспарланған екен.
Бүгінгі таңда 103 көшеде 5 580 шам орнатылған. Бұл жалпы жалпы қажеттіліктің 73%-ын құрайды. Сондай-ақ, Everlight компаниясы шығарған 978 шамды орнату арқылы жобаға қосымша 32 көшені қосу туралы шешім қабылданыпты. Қазіргі уақытта "ОЭСК" АҚ 32 көше бойынша сымдарды тарту, тіректерді орнату бойынша жұмыстарды бастады.
"Горсвет" ЖШС қызметкерлері мен "ОЭСК" АҚ бірлесіп тағы 17 көше бойынша комиссиялық тексеру жүргізуде.
Комментарии (0)